Стабилизатор

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Стабилизатор (лат. stabilis -орнықты, тұракты) — электр, қоректену желісі немесе тізбек жүктемесі параметрлері өз еркінше өзгергенде электр тізбегінде кернеу, ток немесе қуаттың нақты мөндерін автоматты түрде тұрақты үстап тұратын құрылғы. Тұрақты токтың қоректену кездерін пайдаланатын электрондық құрылғыларда, негізінен, параметрлік және компенсациялық стабилизатор қолданылады.

Қарапайым кернеу стабилизаторында кіріс кернеудің немесе жүктеме тогының өзгерісі тек стабилитрон арқылы токтың өзгеруіне әкеледі, ал жүктемеге параллель қосылған стабилитрондағы кернеу түсуі тұрақты болып қалады. Компенсациялық стабилизаторларда автоматтық реттеу жүйесі болады. Оларда шығыс кернеудің нақты мәні эталондық (тіректің) кернеудің берілген мәнімен салыстырылады. Бұл жағдайда пайда болған сигналдардың айырымы күшейтіліп реттегіш элементке беріледі. Ал күшейтілген сигнал шығыс кернеудің берілген деңгейге оралуына ұмтылатын етіп өсер етуі тиіс. Компенсациялық стабилизатор эталондық (тіректік) кернеу көзінен, салыстырғыш құрылгыдан, күшейткіш-түрлендіргіштен және реттегіш элементтен тұрады.[1][2]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads