Тайыр Жомартбаев

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Тайыр Жомартбаев, (шын есімі Тайлақбай; 1884, Мұқыр ау., Семей облысы, Ресей империясы (қазіргі Мұқыр ауылы, Абай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы1937, Семей) – педагог, жазушы, драматург.

Quick facts Туған кездегі есімі, Туған күні ...

Көкбай медресесінде білім алып, 1911 жылы УфадағыҒалия” медресесін бітірген.

1911 – 15 жылдары Семей қаласы маңындағы Жақия қажы мектебінде ер балаларға, әйелі Адығия Орманова қыз балаларға сабақ береді. Семейдегі “Жәрдем” баспаханасынан жастарды адамгершілікке, ізгілікке, оқу-білімге үндейтін “Балаларға жеміс” атты өлеңдер жинағы, төңкеріске дейінгі қазақ қыздарының әлеуметтік жағдайын көтерген “Қыз көрелік” (1912) романы басылып шықты.

1915 – 28 жылдары Зайсан қаласында, Маңырақ болысында мұғалім болып қызмет істейді.

1928 – 30 жылдары Семейдегі №14 мектептің директоры, 1930 – 37 жылы Семей педагогикалық техникумында оқытушы болған. Жомартбаев оқытушылықпен қоса журналистикамен де айналысып, “Айқап”, “Жаңа мектеп” журналдары мен “Қазақ”, “Алаш” газеттеріне мақала, фельетондар жазып тұрды.

Жомартбаевтың “Сары сүйек құда”, “Осы ма, қазақ, өмірің?” атты пьесалары Зайсан, Семей театрларында қойылған. Кузнецк қаласында №23 мектепте жұмыс істеп жүрген кезінде жалған саяси жаламен тұтқындалып (1937), Семейде үштіктің шешімімен ату жазасына кесілген, 1956 жылы ақталды.[1][2]

Remove ads

Сілтеме

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads