Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев

From Wikipedia, the free encyclopedia

Талғат Аманкелдіұлы Мұсабаев
Remove ads

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев (7 қаңтар 1951 жыл, Жамбыл ауданы, Алматы облысы4 тамыз 2025 жыл[1]) — кеңестік және ресейлік ғарышкер, қазақстандық саясаткер, Қазақстан Халық қаһарманы, Ресей Федерациясының батыры, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007), Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттiгінің бұрынғы төрағасы (2007–2016) мен бұрынғы Сенаторы (2017–2023).

Quick facts Мемлекеті, Мансабы ...
Remove ads

Өмірбаяны

Мұсабаев 1951 жылғы 7 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылында туған. Ол шапырашты руынан шыққан.[2]

1974 жылы Мұсабаев Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітіріп, инженер атанды. 1974 жылғы 1 сәуірден ол Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер болды.

1975 жылдан 1984 жылға дейін Мұсабаев әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде болды. 1984 жылы ол Алматы әуе клубындағы оқуын бітірді.

1986 жылы ол ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған. 1987–1990 жылдары Мұсабаев — азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі.

1991 жылдан бастап Мұсабаев ғарышқа ұшуға дайындалады. Ол қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болды. 2000 жылы ол техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2001 жылдан 2005 жылға дейін Мұсабаев Ресей ғарыш мекемесінде болды. 2005 жылы ол — «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.

2007 жылғы ақпанда ол — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры. 2007 жылғы 11 сәуірден ол Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы атанды.

Мұсабаев 2014 жылғы 13 тамыздан Үкімет басшысының азаматтық авиация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болды.

2014 жылғы 21 тамыздан 2016 жылғы 7 қыркүйекке дейін ол — Қазақстан Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы.[3]

Мұсабаев 2017 жылғы қаңтардан 13 шілдеге дейін — Қазақстан президентінің кеңесшісі. Сол жылғы 13 шілдеден 2023 жылғы 24 қаңтарға дейін ол — Қазақстан Сенатының депутаты.[4]

Remove ads

Ғарышқа ұшуы

  • 1994 жылы ғарышқа 1-рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
  • 1998 жылы ғарышқа 2-рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннесс рекордтар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда француз ғарышкері Леопольд Эйартц пен ресей ғарышкері Николай Бударинмен бірге болды. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге болды.
  • 2001 жылы ғарышқа 3-рет ұшқанда (Союз ТМ-32) ол ғарышта 8 күн өткізген.
Remove ads

Әскери атағы

Мұсабаевтың әскери атағы — запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).

Марапаттары

Thumb
Союз ТМ-32 экипажы - Деннис Тито (Dennis Tito), Талғат Мұсабаев, Юрий Батурин

Қазақстан:

Ресей:

Аустрия:

  • Аустрия Республикасының ордені

Америка Құрама Штаттары:

  • «Ғарышқа ұшқаны үшін» NASA медалі (1998)
Remove ads

Өз өмірі

Мұсабаев үйленген болатын. Оның зайыбы стоматология дәрігері Мұсабаева (Лацис) Виктория Вольдемаровна (1952 жылы туған) еді. Мұсабаевтың екі баласы бар: Мұсабаев Данияр Талғатұлы (1975 жылы туған), Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері және Мұсабаева Кәмилә Талғатқызы (1981 жылы туған).

Мұсабаевтың хоббиі — фортепиано, гитара ойнау, ән айту.[5]

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads