Тауқұм (құм, Жамбыл ауданы)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Тауқұм (құм, Жамбыл ауданы)
Remove ads

ТауқұмШу-Іле таулары мен Іле өзенінің төменгі бөлігі аралығындағы құмды алқап.

Quick facts Сипаттамасы, Орналасуы ...
Remove ads

Географиялық орны

Алматы облысы Жамбыл ауданы жерінде. Батысы Балқаш көлінің жағалық ойпатына, оңтүстігі Күрті өзеніне тіреледі.

Жер бедері

Аумағы 8300 км2, ұзындығы 200 км, ені 60 км. Тауқұм Мойынқұм, Сарытауқұм, Қорғанқұм атты бірнеше шағын құмдардан тұрады. Оңтүстігінде Жусандала даласы, Бозой және Қараой үстірттері жатыр.

Өсімдігі

Құм жүзгін, сексеуілді аласа бұталар, жусан, еркекшөп, изен өсімдіктерімен жақсы бекіген. Іле және оның тармақтарын бойлай қамыс, тал, тораңғы, шеңгел, жиде, т.б. өседі. Тұщы грунт суы оңтүстік-шығыста 60 м, солтүстік-батыста 2-10 м тереңдікте кездеседі. Күздік жайылым ретінде пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads