Алексей Иванович Тевкелев

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Алексей Иванович Тевкелев(16741766) – тілмаш, елші. Христиан дінін қабылдағанға дейінгі аты-жөні – Құтлұғмұхаммед Мамашев.

Өмірбаяны

  • 1711 жылы Петр I-нің Прут жорығына қатысып, онда тілмаштық қызмет атқарған.
  • 1716 жылы А.Бекович-Черкасскийдің Хиуа мен Бұхарға жасаған экспедициясына қатысқан. 1719 жылы Сыртқы істер коллегиясына тілмаш болып қызметке орналасты.
  • 1722 – 1723 жылы парсы жорығына Петр I-нің құпия істер жөніндегі аға тілмашы ретінде қатысты.
  • Кейіннен И.К. Кирилловтың Орынбор экспедициясына
  • 1735 – 1736 жылы башқұрт көтерілісін басуға қатысты. Тевкелев басқарған жазалаушы отрядтар 50 деревняны өртеп, 2 мыңдай адамды өлтірді.
  • 1742 жылы бригадалық генерал атағын алды.
  • 1743 жылы Тевкелевтің тікелей қатысуымен Орынбор қаласы мен оның төңірегіндегі бірнеше қамалдың негізі қаланды.
  • 1743 – 1749 жылы патша өкіметі оны Әбілқайыр басқарған Кіші жүз билеушілері мен Орынбор әкімшілігі арасындағы жанжалды реттеуге пайдаланды.
  • 1751 – 1759 жылы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің көмекшісі болып, патша өкіметі жүргізген отаршылдық саясаттың сойылын соқты.
  • 1755 – 1756 жылы кезекті башқұрт көтерілісін басу кезінде қазақ даласына қашып кеткен башқұрттарды кері қайтару ісіне араласты.
  • 1760 жылы қызметтен біржола босап, демалысқа шықты. Тевкелевтің елшілік қызметі барысында жүргізген мың беттен астам “Күнделігінде” қазақтардың қоғамдық-саяси, мәдени өмірі жайында және ру-тайпалық құрамы туралы көптеген мәліметтер қамтылған.[1]
Remove ads

Дереккөздер

Тағы қараңыз

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads