Токелау
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Токелау (ағылш. Tokelau /ˈtoʊkəlaʊ/) — Жаңа Зеландияның қарамағындағы тәуелді аймақ. Құрамына Тынық мұхитында Жаңа Зеландия мен Гавай аралдардың арасында орналасқан 3 арал кіреді. Бұл тәуелді аймақ Жаңа Зеландия корольдігінің құрамында болып есептеледі.[2]
Токелау аралдары 3 атолдардан құралады:
- Атафу,
- Нукунону,
- Факаофо.
Әр қайсысында өзіне аттас әкімшілік орталығы бар.
- халық саны - 1411 адам [3] ( 2011 жылғы мәлімет).
- Этникалық құрамы: полинезиялықтар, аз ағылшын-полинезиялық метистер.
- Тілдері: токелау (полинезия), Ағылшын тілі.
- Діні: христиандық, оның ішінде католиктер (28 %).
Аралдар су бетіне 3-4 м-ге ғана көтерілген ірі су астындағы рифтардан құралған. Құнарсыз ақтасты таужынытардың үстінде кокос пальмалары мен бұталы өсімдіктер ғана өседі.
Климаты ылғалды, жылы бойы ыстық, желтоқсан-наурыз аралығында дауыл-құйындар мүмкін.
Жергілікті тұрғындар балық аулаумен және егіншілікпен (кокос, астық талдары, папайя, банандар) айналысады. Көбіне шетелдерге жұмысқа тұрған туысқандары көмектесіп күн көреді. Жаңа Зеландия қаржылай елеулі көмек көрсетеді.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads