Сапармұрат Атаұлы Ниязов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сапармұрат Атаұлы Ниязов (19 ақпан 1940 жыл, Ахал уәлаяты – 21 желтоқсан 2006 жыл, Ашхабад; Түрікменбашы лақап аты болған) — кеңестік және түрікменстандық саясаткер, Түрікменстанның тұңғыш президенті.
Балалар үйінде тәрбиеленіп, 1967 жылы Санкт-Петербург политехникалық интернатын бітірген. 1970–1985 жылы Түрікменстанда түрлі партиялық қызметтерде болды. 1985 жылы Түрікмен КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, сол жылдың желтоқсан айында Түрікменстан КП ОК-нің 1-хатшысы болып сайланды. 1990 жылдың қаңтарынан бастап республика Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін қоса атқарды. 1992 жылғы сайлау нәтижесінде тәуелсіз Түрікменстанның тұңғыш президенті болды. Республика ақсақалдар құрылтайында (1994) оған «Түрікменстанның құрметті ақсақалы» деген атақ берілді.
Ниязовтың билігі диктаторлық[1], тоталитаристік және авторитаристік болып сипатталған.[2][3] Президенттігі жылдарында Ниязовқа 14,000 ескерткіш салынды, түрікмен тіліндегі ай атаулары өзі мен анасының есіміне өзгертілді, зейнетақы, Интернет, опера, балет, цирк, алтын тіс және макияжға тыйым салынды.[2]
Түрікменстандағы 1 қала және 100 деген кәсіпорындар мен ұйымдар Ниязовтың есімімен аталады. Ниязовтың бейнесі ұлттық ақша, манатқа басылған. Оның жазған «Рухнама» кітабы білім беру орындарында жеке пән болған.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads