Флорешты

From Wikipedia, the free encyclopedia

Флорешты
Remove ads

Флорешты (Флорешть; рум. Florești) — Молдовадағы қала, Флорешты ауданының орталығы.[1] 2025 жылы Флорешты қаласының тұрғындарының саны 15 597 адамды құрады. Флорешты Молдовада 59 қаланың ішінде халық саны бойынша 22-орында.[2]

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Географиялық орналасуы

Кишиневтен солтүстік-батысқа қарай 130 км жерде, Реут өзенінің бойында орналасқан. Молдова темір жолының Белцы-Слободка желісіндегі теміржол вокзалы.[3]

Тарихы

Флорешты қаласының атауы румын және молдаван елді мекендеріне тән «Floarea» тегі мен «-esti» жұрнағынан шыққан. Молдова тегі Флора (гүл) алғаш рет XV—XVI ғасырлардағы құжаттарда айтылған. 1668-1683 жылдары ескі Флорешты ауылы ұлы логофет Мирон Костиннің иелігінде болды, оның бір бөлігін 1754 жылы сатып жіберді.

1772-1773 жылдары Иордаке Кантакузино иелігінде 33 шаруа қожалығы болды. Ал 1809 жылы бірінші Әулие Николай шіркеуі салынды, оның жанында қазіргі Молдова зираты орналасқан.

1812 жылы Бессарабия Ресейге қосылғаннан кейін Флорести орыс генералы Семен Старыйдың меншігі болды.

1853 жылға қарай Әулие Митрофан шіркеуі салынды. 1862 жылы приход мектебі, 1873 жылы жалпы білім беретін мектеп ашылды. 5 төсектік аудандық аурухана да ашылды.

1894 жылы теміржол вокзалының құрылысы аяқталып, Белцы-Рыбница бағыты бойынша қозғалыс ашылды.

1913 жылы Николаевтың иелігі кезінде Реут өзені арқылы темір көпір салынды.

Бессарабия Румынияның құрамында болған 1918 жылдан 1940 жылға дейінгі кезеңде бастауыш мектеп және аралас мектеп салынды.

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, 1946 жылы Флорешты аудан орталығына айналып, қала мәртебесін алды.

Молдавия КСР-і кезінде қалада зауыттар (шыны, темекі ашыту, шарап, май жасау), «Коммунальник» зауыты, «Молдплодоовощпром» өнеркәсіптік-сауда бірлестігі, қант зауыты және т.б. жұмыс істеді.[4]

Remove ads

Өндіріс орындары

Қалада тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Ең маңызды кәсіпорын – «Кристалл-Флор» АҚ шыны зауыты. Тәуелсіздікке дейін аудандағы ең көне кәсіпорын темекі фабрикасы болған, өз мүмкіндігінде жұмыс жасай алмай отыр.

Сондай-ақ қалада жылу жабдықтары зауыты, шетелдіктермен (әсіресе итальяндықтармен) бірлескен, «Флориана Фэшн» атты тігін фабрикасы, «Натур Браво» деп аталатын консерві фабрикасы, танымал S.R.L. «Nefis» кондитерлік фабрикасы, «Pro Milk» сүт зауыты т.б.бар.

Инфраструктурасы

Қалада аурухана, емхана, дәріханалар, банк бөлімшелері, ветеринарлық емхана бар. Мұражай, кітапхана, жастар клубы, мәдениет үйі белсенді жұмыс істейді. Лицейлер, музыка, өнер және спорт мектептері ашылды.[5]

Көрікті жерлері

Флорештыдың тарихы мен сәулетімен бар тарихи бөліктері бар. Мұнда орта ғасырларда салынған көптеген ғимараттар бар. Ең танымал көрнекті орындардың бірі - қорғаныс және графтардың резиденциясы ретінде қызмет еткен Флорешт қамалы. Бұл қамал нағыз тарихи ескерткіш болып табылады.

Сонымен қатар қаланың әдемі табиғи орындарын, Дендрариум саябағында әдемі аллеяларды аралап, табиғаттың сұлулығын тамашалауға болады.

1897 жылы салынған вокзалдың ескі ғимараты сақталған. Қалада қаланың тарихы мен мәдениеті туралы айтатын мұражайлар бар. Тарих және мәдениет мұражайы қала тарихын бейнелесе, Демка Шарашкин мұражайы дарынды суретшінің шығармалары мен эскиздерінің жинағымен танымал.[6]

Remove ads

Галарея

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads