Фототриангуляция
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Фототриангуляция - камералық жағдайда фотограмметриялық аспаптардың немесе графикалық құрылмалардың көмегімен тірек нүктелерді анықтау әдісі. Фототриангуляция аэрофотосуреттерді далалық дайындау жұмыстарын азайту мақсатымен орындалады. Егер тірек нүктелерінің пландық орны мен биіктігі анықталса — кеңістіктік, ал тек қана олардың пландық орны анықталса жазықтықтық деп аталады. Кеңістіктік фототриангуляция қолданылатын техникалық құралдарға байланысты талдаулық (аналитикалық) және аспаптық болып бөлінеді.
Remove ads
Талдаулық фототриангуляция
Талдаулық фототриангуляция дербес екі процеске ажырайды: фототриангуляция торабына енгізілген стереокомпаратордың көмегімен нүктелердің фотограмметриялық координаталары мен параллакстарын өлшейді, содан соң өлшеулер нәтижелері бойынша ЭЕМ-де осы нүктелердің геодезиялық координаталарын фотограмметриялық және геодезиялық координаталар арасындағы талдаулық байланыстардың формулаларын пайдаланып есептейді. Талдаулық фототриангуляцияның нәтижесі торапқа еңгізілген нүктелердің тік бұрышты координаталарының және биіктіктерінің тізімі болады.
Remove ads
Аспаптық фототриангуляция
Аспаптық фототриангуляция әмбебап фотограмметриялық аспаптарда (стереопроектор, стереограф, мультиплекс) орындалады. Аспаптармен стереоскопиялық модель құрылады, өлшеуіш марканы анықталатын нүктелерге көздейді және координатографтың немесе пантографтың жәрдемімен осы нүктелер планшетке салынады; нүктелердің биіктіктері аспаптың биіктікті есептеуішімен анықталады. Аспаптық фототриангуляция нәтижесі тораптың нүктелері түсірілген планшет және олардың биіктіктерінің тізімі болады.
Remove ads
Жазықтықтық фототриангуляция
Жазықтықтық фототриангуляция пландық аэрофотосуреттер бойынша көбінесе графикалық әдіспен орындалады, өйткені аэрофотосуреттердің шамалы ғана салыстырмалы биі қайырымы бар аудандардағы орталық бұрыштарының жергілікті жердегі сәйкес бұрыштардан айырмашылығы аз болады. Торапқа еңгізілген нүктелердің пландық орны шектес аэрофотосуреттердің бастапқы бағыттары беттестірілген кезде тура және кері графикалық қиылыстырулармен анықталады. Бұрыштар аэрофотосуреттерден планшетке мөлдір қағаздың көмегімен көшіріледі. Жазықтықтық фототриангуляция, негізінен, фотопланды әзірлеу кезінде аэрофотосуреттерді өзгертіп, тірек нүктелерін алу мақсатымен жүргізіледі.[1]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads