Футболдан 2012 жылғы Еуропа біріншілігі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Футболдан Еуропа чемпионаты 2012 (ресми атауы — UEFA EURO 2012™ Poland-Ukraine; көбіне «Еуро-2012») — УЕФА-ның қамқорлығындағы әрбір төрт жыл сайын өткізілетін 14-ші еуропа чемпионаты. Турнирдегі ойындарды Украина мен Польша бірігіп қабылдады. Алғашқы матч Варшавада 8 маусым 2012 жылы ойнатылып,[1] 1 шілде 2012 жылы Киевте финалдық ойынымен аяқталды.
Екі елдің чемпионатта қожайын болуы еуропа ұлттық біріншілік тарихындағы бұл үшінші турнир. Бұған дейін бірінші рет Бельгия мен Нидерланд елдерінде өткізілген 2000 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты және Швейцария мен Австрияда өткізілген 2008 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты болған еді.
Жеребе салу салтанаты Киевтегі «Украина» өнер және мәдениет ұлттық сарайында 2 желтоқсан 2011 жылы өткізілген болатын.
16 команда қатысатын бұл чемпионат соңғы болмақшы, себебі Еуро 2016-дан бастап командалар саны 24-ке көбейеді.
Remove ads
Қожайындарды таңдау
Басында он елден сегіз арыз түскен болатын, алайда үшеуі алғашқы аттестациядан өте алмағандықтан іріктеуден шығарылады.
Нәтижесінде турнирді өткізуге бес арыз қалады. Олар: Хорватия/Венгрия (екі арыз), Грекия, Италия, Польша/Украина (екі арыз) және Түркия. 8 қараша 2005 жылы УЕФА комитеті үш жолды дауыс беру арқылы арыздар санын қысқартады:
31 мамыр 2006 жылы кандидат елдер алдағы Еуропа біріншілігіндегі барлық егжей-текжейлі тетіктерін жариялаған арнайы арыз кітап құруын аяқтайды. 18 сәуір 2007 жылы Кардиффтегі УЕФА сессиясында финалдық дауыс беру қорытындысын жариялайды.
Remove ads
Финалдық раундта бірінші турдың өзінде 12 дауыстың 8 жинаған Украина мен Польшаның арыздары жеңіске жетеді.[2][3] Қалған төрт дауысты комиссия мүшесі италияндықтарға береді. Дауыс беруге 12 адам қатысады[4]: Мишель Платини (Франция), Герхард Майер-Форфельдер (Германия), Сенеш Эрзик (Түркия), Пер-Равно Омдаль (Норвегия), Анхель Мария Вильяр Лёна (Испания), Джеффри Томпсон (Англия), Мэттью Спренгерс (Нидерланд), Мариос Лефкаритис (Кипр), Джозеф Мифсуд (Мальта), Жилберту Мадаил (Португалия), Мирча Санду (Румыния) және Вячеслав Колосков (Ресей). Батыс Еуропаның қолдауымен таңдалған УЕФА президенті Мишель Платинидің өзі Украина мен Польшаның арыз беруіне қарсы болмаған-ды. Сайлауға дейін ол Шығыс Еуропадағы футболды дамыту керектігін тұспалдаған болатын.
Қатысушылар
Чемпионаттың финалдық кезеңінде 16 құрама қатысады. 1996 жылдан бері келе УЕФА-ға мүше қатысушылардың өсуі жоғары болмасада (48-ден 53-ке дейін, 1996—2006 жылдар аралығы), кейбір еуропалық футбол қауымдастықтары финалистердің санын 24-ке арттыру керектігін айтқан болатын. 2007 жылы 12 сәуірде УЕФА Атқарушы Комитеті ресми түрде Еуро-2012 чемпионатында командалардың өсуі болмайтынын хабарлады. Алайда кейінірек, 2008 жылдың қаңтарында Францияда өтетін Еуро-2016 чемпионатынан бастап финалдық кезеңде 24 команда қатысады деп шешілді[5].
Remove ads
Іріктеу турнирі
Іріктеу турнирдің жеребе тастауы 7 ақпан 2010 жылы Варшавада өткізілді. Жеребе үшін 51 құраманы 6 себетке бөлді. Алғашқы бес себетте 9 құрама, соңғысына 6 құрама болды. Командаларды топқа бөлу үшін бірінші рет құрамалардың рейтингісімен іріктеді.[6] Командалардың рейтингісін ӘЧ - 2006 және Еуро 2008-дегі іріктеу мен финалдық ойындарындағы, сонымен қатар ӘЧ - 2010 іріктеу турнирінің нәтижесіне қарай рейтингті құрды. Бұған дейін тек квалификацияланған кезеңдердегі нәтижесін ғана есептейтін. Жеребе тастау нәтижесінде құрама командалар 9 топқа бөлінді. Алты топ 6 командадан және үш топ 5 командадан құралды[7]. Топтардағы тоғыз жеңімпаз бен екінші орынды иеленеген ең мықты команда тікелей Еуро-2012 жолдама алды, қалған өз тобында екінші орын алған 8 құрама құрлықтық біріншілікте төрт жолдамаға матч ойнатты. Нәтижесінде 14 финалист шықты, олар турнирдің ұйымдастырушысы Украина және Польшамен бірге Еуро-2012 финалдық сатысына қатысатын болды.
Remove ads
Remove ads
Финалдық турнир
Тәртіп бойынша турнирдегі алғашқы матчқа он күн қалғанда чемпионатқа қатысушы командалар өз құрамын жариялады. Тек 23 футболшынының (үш қақпашыны есептегенде) арызын ғана тізімге қосуға болды. Қатты жарақаттанған ойыншылар чемпионаттағы алғашқы ойынға 24 сағат уақыт қалғанға дейін орын алмастыра алатын.
Remove ads
УЕФА бекіткен Еуропа чемпионаты матчтарында қызмет жасайтын басты төрешілердің тізімі 20 желтоқсан 2011 жылы белгілі болды:
Қақпа сызық бойын бақылау үшін тағы төрт арбитр қосымша төреші ретінде бекітіледі[8]. Бұл үрдіс ФИФА халықаралық кеңесінің және УЕФА Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Еуропа Лигасы ойындарында тәжірибе ретінде жүргізілген болатын. Еуро 2012 матчты бес төреші бақылайтын алғашқы чемпионат болды.

Топтық раундтағы командалардың орнын жинаған ұпайына қарай анықтады, яғни ұпайы жоғары болса, жоғарыдан орын алады. Егер де құрамалардың ұпайлары тең түскен жағдайда келесі критерий орындалды:
- a) үміткерлер арасындағы жеке кездесуде жинаған үлкен ұпайлары;
- b) үміткерлер арасындағы жеке кездесудегі доптар арасындағы үлкен айырмашылық;
- c) үміткерлер арасындағы жеке кездесудегі голдар саны;
- d) осы «а» дан «с»-ге дейін критерий бойынша екі команданың көрсеткіші тең болса, қорытынды турнирді анықтау үшін «а» дан «с»-ге дейін критерийді тек осы командалар үшін қолданылады. Егер бұл тәртіптен түпкілікті шешім қабылдамаса, онда «е» ден «i»-ге дейінгі критерий қолданылады:
- e) топтық кезеңдегі барлық матчтағы доптардың арасындағы айырмашылық;
- f) топтық кезеңдегі барлық матчтағы голдар саны;
- g) УЕФА ұлттық құрама командалардың коэффициенттер рейтингісінің позициясы бойынша;
- h) финалдық турнирдегі командалардың тәртібі;
- i) жеребе тастау.
«i» критерийі келесі жағдайда қолданылмайды: егер «а» дан «f»-ге дейінгі критерий бойынша тең түскен командалар, топтық кезеңнің соңғы турында бір-бірімен ойын ойнайды, егер есеп теңде-тең болғанда пенальти жүргізіледі. Ұтқан команда топтық кестеде жоғарғы орын алады.
Remove ads
Нәтижелер
Ширек финалға шыққан командалар | |
Турнирден кеткен командалар |
8 маусым 2012 жыл 18:00 UTC+2 |
|
Стадион: Ұлттық стадион, Варшава Көрермендер саны: 56 070 Төреші: ![]() |
||||||
Түсініктемелер: Георгиос Карагунис пенальтиді орындай алмады (71', қорғаушы) |
8 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
|
Стадион: Қалалық стадион, Вроцлав Көрермендер саны: 40 803 Төреші: ![]() |
||||||
12 маусым 2012 жыл 18:00 UTC+2 |
|
Стадион: Қалалық стадион, Вроцлав Көрермендер саны: 41 105 Төреші: ![]() |
||||||
12 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
|
Стадион: Ұлттық стадион, Варшава Көрермендер саны: 55 920 Төреші: ![]() |
||||||
16 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
|
Стадион: Ұлттық стадион, Варшава Көрермендер саны: 55 614 Төреші: ![]() |
||||||
16 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
|
Стадион: Қалалық стадион, Вроцлав Көрермендер саны: 41 480 Төреші: ![]() |
||||||
9 маусым 2012 жыл 19:00 UTC+3:00 |
|
Стадион: Металлист, Харьков Көрермендер саны: 35 923 Төреші: ![]() |
||||||
9 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Арена Львов, Львов Көрермендер саны: 32 990 Төреші: ![]() |
||||||
13 маусым 2012 жыл 19:00 UTC+3:00 |
|
Стадион: Арена Львов, Львов Көрермендер саны: 31 840 Төреші: ![]() |
||||||
13 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Металлист, Харьков Көрермендер саны: 37 750 Төреші: ![]() |
||||||
17 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Металлист, Харьков Көрермендер саны: 37 445 Төреші: ![]() |
||||||
17 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Арена Львов, Львов Көрермендер саны: 32 990 Төреші: ![]() |
||||||
10 маусым 2012 жыл 18:00 UTC+2 |
|
Стадион: PGE Арена, Гданьск Көрермендер саны: 38 869 Төреші: ![]() |
||||||
10 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
|
Стадион: Қалалық стадион, Познань Көрермендер саны: 39 550 Төреші: ![]() |
||||||
14 маусым 2012 жыл 18:00 UTC+2 |
|
Стадион: Қалалық стадион, Познань Көрермендер саны: 37 096 Төреші: ![]() |
||||||
14 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
|
Стадион: PGE Арена, Гданьск Көрермендер саны: 39 150 Төреші: ![]() |
||||||
18 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
|
Стадион: PGE Арена, Гданьск Көрермендер саны: 39 076 Төреші: ![]() |
||||||
18 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
|
Стадион: Городской стадион, Познань Көрермендер саны: 38 794 Төреші: ![]() |
||||||
11 маусым 2012 жыл 19:00 UTC+3:00 |
|
Стадион: Донбасс Арена, Донецк Көрермендер саны: 47 400 Төреші: ![]() |
||||||
11 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Олимпиада, Киев Көрермендер саны: 64 290 Төреші: ![]() |
||||||
15 маусым 2012 жыл 19:00 UTC+3:00 (20:00 UTC+3:00 ауыстырылды) |
|
Стадион: Донбасс Арена, Донецк Көрермендер саны: 48 000 Төреші: ![]() |
||||||
15 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 (22:00 UTC+3:00 ауыстырылды) |
|
Стадион: Олимпиада, Киев Көрермендер саны: 64 640 Төреші: ![]() |
||||||
19 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Олимпиада, Киев Төреші: ![]() |
||||||
19 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Донбасс Арена, Донецк Көрермендер саны: 48 700 Төреші: ![]() |
||||||
Ширек финал | Жартылай финал | Финал | ||||||||
21 маусым — Варшава | ||||||||||
![]() |
0 | |||||||||
27 маусым — Донецк | ||||||||||
![]() |
1 | |||||||||
![]() |
0 (2) | |||||||||
23 маусым — Донецк | ||||||||||
![]() |
0 (4) | |||||||||
![]() |
2 | |||||||||
1 шілде — Киев | ||||||||||
![]() |
0 | |||||||||
![]() |
4 | |||||||||
22 маусым — Гданьск | ||||||||||
![]() |
0 | |||||||||
![]() |
4 | |||||||||
28 маусым — Варшава | ||||||||||
![]() |
2 | |||||||||
![]() |
1 | |||||||||
24 маусым — Киев | ||||||||||
![]() |
2 | |||||||||
![]() |
0 (2) | |||||||||
![]() |
0 (4) | |||||||||
21 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
|
Стадион: Ұлттық стадион, Варшава Көрермендер саны: 55 590 Төреші: ![]() |
||||||
22 маусым 2012 жыл 20:45 UTC+2 |
|
Стадион: PGE Arena, Гданьск Көрермендер саны: 38 751 Төреші: ![]() |
||||||
23 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Донбасс Арена, Донецк Көрермендер саны: 47 000 Төреші: ![]() |
||||||
24 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Олимпиада, Киев Көрермендер саны: 64 340 Төреші: ![]() |
|||
Пенальти сериялары: | ||
Джеррард ![]() Руни ![]() Янг ![]() Коул ![]() |
2:4 | ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
27 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Олимпиада, Киев Көрермендер саны: 64 340 Төреші: ![]() |
|||
Пенальти сериялары: | ||
Мотинью ![]() Пепе ![]() Нани ![]() Алвеш ![]() |
2:4 | ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() |
28 маусым 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Ұлттық стадион, Варшава Көрермендер саны: 55 540 Төреші: ![]() |
||||||
1 шілде 2012 жыл 21:45 UTC+3:00 |
|
Стадион: Олимпиада, Киев Көрермендер саны: 63 170 Төреші: ![]() |
||||||
Чемпион
Статистика
2 шілдеде 2012 жылы УЕФА-ның техникалық тобы чемпионаттың нәтижесі бойынша 23 үздік ойыншылардан тұратын турнирдің символикалық құрамасын анықтады. Жинап келгенде Испания құрамасының он ойыншысы кірді. Сонымен қатар УЕФА-ның техникалық саралау тобы жанкүйерлердің пікіріне назар аудара отырып, турнирдің ең үздік ойыншысын жариялады. Ол Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста. Испанияның тағы бір өкілі Фернандо Торрес ең үздік бомбардир атанды.
- Символикалық құрама
- Турнирдің үздік ойыншысы
|
|
|
Рет | Ел | Матчтар | Есімі | Топтық кезең | Плей-офф раунды | Барлығы | ||||||
![]() |
![]() ![]() ![]() |
![]() |
![]() |
![]() ![]() ![]() |
![]() |
![]() |
![]() ![]() ![]() |
![]() | ||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | ![]() |
2[10][11] | Карлос Веласко Карбальо | 3 | 1 | 1 | 0 | 0 | 0 | 3 | 1 | 1 |
2 | ![]() |
3[12][13][14] | Говард Уэбб | 3 | 0 | 0 | 3 | 0 | 0 | 6 | 0 | 0 |
3 | ![]() |
3[15][16][17] | Дамир Скомина | 7 | 0 | 0 | 2 | 0 | 0 | 9 | 0 | 0 |
4 | ![]() |
3[18][19][20] | Стефан Ланнуа | 10 | 0 | 0 | 5 | 0 | 0 | 15 | 0 | 0 |
5 | ![]() |
2[21][22] | Виктор Кашшаи | 10 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 10 | 0 | 0 |
6 | ![]() |
2[23][24] | Бьорн Кёйперс | 8 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 8 | 0 | 0 |
7 | ![]() |
3[25][26][27] | Никола Риццоли | 5 | 0 | 0 | 3 | 0 | 0 | 8 | 0 | 0 |
8 | ![]() |
3[28][29][30] | Джюнейт Чакыр | 7 | 1 | 0 | 9 | 0 | 0 | 16 | 1 | 0 |
9 | ![]() |
2[31][32] | Вольфганг Штарк | 10 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 10 | 0 | 0 |
10 | ![]() |
2[33][34] | Крейг Томсон | 12 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 12 | 0 | 0 |
11 | ![]() |
2[35][36] | Юнас Эрикссон | 9 | 0 | 0 | 0 | 0 | 0 | 9 | 0 | 0 |
12 | ![]() |
3[37][38][39] | Педру Проэнса | 8 | 0 | 0 | 2 | 0 | 0 | 10 | 0 | 0 |
Барлығы | 92 | 2 | 1 | 24 | 0 | 0 | 116 | 2 | 1 |
Стадиондар
Еуро-2012-нің матчтары Украинаның Киев, Донецк, Харьков, Львов қалаларында және Польшаның Варшава, Гданьск, Познань және Вроцлав қалаларында өткізілді. Турнирдің ашылу рәсімі Варшавада, ал финалдық матч Киевте өткізілді.
Билеттер
Билеттерді сатып алу үшін жеке куәлік, құжаттар керек болды. Билетте сатып алушының құжат номері, аты-жөні көрсетіліп тұрды. Билеттерді сату, қолдану және табыс ету құқығына УЕФА-ның тағайындалған тұлғалары ғана ие болды.
1,4 млн дана шығарылған билеттердің құны 30-дан 600 еуроға дейін құрады. Билеттердің бес түрі болды. УЕФА хабарлағандай 1 ақпан 2011 жылы сатуға шыққан билеттерді (75 %) тек қана УЕФА-ның сайтында ғана сатып алуға болатын. Сату уақытысы 2012 жылдың наурыздың аяғына дейін болды. Матчтар өткізілетін қалалардың тұрғындарына бір матч үшін 2000 билет сатуға берілді. Ең алғашқы билетке тапсырыс берген адам 1 ақпан 2011 жылы Оңтүстік Корея азаматы болды.
Демеушілер
Чемпионатта 11 әлемдік демеушілері болды:
- Укртелеком
- Эпицентр
- Ukrsotsbank PJSC[47]
- E. Wedel[48]
- Bank Pekao
- Mastercard
Символдары мен рәміздері

2009 жылы 14 желтоқсанда УЕФА президенті Мишель Платини мен ұйымдастырушы елдердің футбол одағының басшылары жұрт назарына ЕУРО-2012 ресми логотипін көрсетеді[49]. Эмблеманың негізі жапырақты гүл болды. Әр жапырақ ұйымдастырушы елдердің символын көрсетті. Композицияның ортасындағы футбол добы турнирге деген құштарлық пен сезімді бейнелеп тұрды. Гүлдің сабағы құрлықтық біріншіліктің құрылымдық қырын көрсетті, УЕФА және еуропа футболы. Композиция негізінде табиғат тақырыбына жақындау келеді. Турнирдің ресми логотипінде жасыл жапырақ, сары күн, көгілдір су мен аспан, күлгін бүлдірген жақсы үйлесім тапқан.

УЕФА бойтұмарлардың үш түрлі нұсқасын көрсетті:
- Славек пен Славко
- Симко мен Стримко
- Клемек пен Ладко
39 233 жанкүйердің дауыс беру нәтижесінде турнирдің ресми бойтұмарлары Славек мен Славко атанады. Олар 56 % дауыс жинап басқа нұсқалардан үлкен айырмашылықпен жеңеді[50]. УЕФА-ның ресми сайтында, Польша мен Украинаның McDonalds мейрамханаларында, сонымен қатар бойтұмарлардың сапар жасаған чемпионат матчы өткізілетін сегіз қаласында дауыс беруге болды.
Әр кейіпкердің киімінің түсі байрақтарына сәйкес келді — қызыл-ақ (Польша), сары-көк (Украина) және шаштары да ұлттық бояумен боялды. Бойтұмарлардың өз жеке номері болды: поляк бойтұмары — 20, украин бойтұмары — 12. Екеуін қоссақ 2012 жыл.
Турнирдің ресми добы Adidas компаниясының «Tango 12» өнімі болып табылды. Доп осы қатардағы алтыншы модель болды. Алғашқы «Tango» Аргентинадағы 1978 жылғы Әлем чемпионатында пайда болған еді. Алдыңғы нұсқалары Еуропаның үш чемпионатында қолданылған болатын. Ресми доптың таныстыру рәсімі Киевтің Олимпийский стадионында үлкейтілкен көшірмесі көпшілік назарына көрсетілді.
Неміс әншісі Осеана орындауындағы «Endless Summer» (қаз. «Шексіз жаз») чемпионаттың ресми әні атанды[51].
Чемпионат «Тарихты бірге жасайық» деген ұранымен өтті (ағылш. «Creating History Together», пол. «Razem tworzymy przyszłość», укр. «Творимо історію разом»). Орталық және Шығыс Еуропа аумағында орналасқан Украина мен Польшада өткізілген турнир, Ескі Әлемнің чемпионат тарихында бірінші рет болып отыр.
Англия — Украина матчындағы есептелмеген гол
19 маусымда Англия — Украина матчындағы төрешіге қатты сын айтты. Себебі Еуро-2012 соңғы шешуші раундтағы матчтың 62 минутында Украина құрамасының шабуылшысы Марко Девич соққан голды санамауы болды, бірақ бейне жазбада гол болғанын көрсетті.[52] Украин ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Олег Блохин доп қақпа сызығынан 50 см ішке кірді деген мәлімдемесіне УЕФА-ның төрешілер комитетінің төрағасы Пьерлуиджи Коллина жоққа шығарды. Бұл Виктор Кашшаидың осы чемпионатта соңғы төрешілік етуі еді. Ол алдағы төрешілер командасына қосылмады.[53]
Нәтижесінде 0:1 есебімен Англия құрама командасының пайдасына тиеді. Украина ширек финалға шыға алмай турнирден кетеді.
Көлік қатынасы

Чемпионатқа байланысты екі елдің қалаларының станциялары кеңейтіліп, жаңартылды. Темір жолдарға электр желісін жүргізді. Мысалы Украина темір жолында жаңа жүрдек поездары пайда болды: «Киев—Харьков», «Киев—Днепропетровск», «Киев—Львов», «Донецк—Харьков».
Теңіз айлағы Польшаның Гданьск қаласында болды, өзен айлақтары Украинаның көптеген қалаларында да болды, соның ішінде Киевте де.
Турнир матчтарын қабылдайтын барлық қалаларда автобус, трамвай, троллейбус, такси сияқты қоғамдық көлік қатынас жүйесі жақсы дамыған болды. Үш қалада метрополитен болды: Киев, Варшава және Харьков.
Украинаның барлық қалаларында және Польшаның Гдыня қаласында троллейбус байланысы болды. Варшава, Киев, Познань, Гданьскте жүрдек трамвай болды. Ал Киев пен Гданьскте су трамвайы да болды.
Қонақ үйлердің барлық түрлері еуропа стандартына сәйкес келді. Чемпионат алдында Украинаның қонақ үйлерінің бағасы бірнеше есе көтеріліп кетеді. Осыған байланысты УЕФА президенті Мишель Платини және Украина президенті Виктор Янукович елдегі қонақ үйлердің бағасын төмендету үшін шаралар қолданады.[54]
Украинадағы сауықтыру және қонақ үй кешендерінің сапасы жиі нашар болатын.[55][56] Сондықтан Еуропа чемпионатын қабылдаушы қалаларда жаңадан қонақ үйлер соғып, ескілерін жөндеп, қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді.[57]
Сонымен қатар қонақ үйлердің аздығы екені айтылды. Көптеген қонақ үйлер кеңес заманына қалып қалған және жөндеу жұмыстарын көрмеген.[54]
Турнир аяқталғаннан кейін УЕФА Украинадағы қонақ үй кешеніндегі жүргізілген жұмыстарға жақсы баға берді.[58]
Нумизматика
Еуро 2012 байланысты Украина Ұлттық банкі ескерткіш тиындар шығарды:
- «Футболдан Еуропа чемпионаты 2012 финалдық турнирі» атты қолданыстағы тиын, номинал 1 гривна.
- Еуро-2012 алтын тиыны, номиналы 500 гривна. (салмағы 500 г)
- Бес күміс тиын.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads