Хатлон облысы

Тәжікстандағы облыс From Wikipedia, the free encyclopedia

Хатлон облысы
Remove ads

Хатлон облысы (тәж. вилояти Хатлон) — Тәжікстан құрамындағы елдің оңтүстік-батысында орналасқан облысы. Орталығы Хатлон қаласында орналасқан облыстың халық саны 3,048,200 адамға тең, және жерінің ауданы 24,600 шаршы километрге тең.

Quick facts Әкімшілігі, Кіреді ...
Remove ads

Географиясы

Thumb
Тәжікстанның Вахш өзені

Облыс елдің оңтүстік-батысында орналасқан, ол Ауғанстанның Бадахшан, Балх, Құндыз және Тахар провинцияларымен және Өзбекстанның Сұрқандария облысымен шектеседі.

Хатлон облысының климаты континенттік болып келеді. Облыс жерінің көпшілігінде таулар орналасқан.

Тарихы

Кеңес Одағы жылдары қазіргі Хатлон облысы жерінде екі облыс болатын: батысындағы Қорған-Төбе (тәж.) облысы және шығысындағы Куляб облысы (тәж.).

Кеңес үкіметі жүргізген қатал коллективизация саясатының нәтижесінде өздерін ғармлар деп атайтын Орталық тәжіктер таулы аймақтан елдің батысы, соның ішінде жері жазығырақ жеріне көшуге мәжбүр болды, олар түрлі мемлекеттік қызметтерден шеттетілді, кемсіту көрді, таулы жерден отырықшы өмір салтына көшуде қиындықтарға тап болды. Осы қатал саясаттың және халықтың жаппай орын ауыстыруы қазіргі Тәжікстанда да байқалады: Хатлон облысының тәжіктерінің бір жартысы өздерін таулардан келген ғармлар деп санаса, қалғаны кулябтықтар деп аталады. жылы орын алған Тәжік азаматтық соғысы кезінде осы екі топ арасында ірі қақтығыстар болды, Хатлон облысы елдің ең көп зардап шеккен аймағы болды.

Азаматтық соғыстан бері екі топ арасындағы шиеленіс әлі де сезіледі, шығыстағы Куляб тумалары үкіметтің көпшілігін басқаруда, қазіргі президенті Эмомали Рахмон мен оның кланы кулябтықтар болып саналады. Облыс орталығы Бохтардағы ғармлар көпшілігі Исламистік оппозицияны қолдайды.[1]

Remove ads

Халқы

Ұлттық құрамы

2010 жылғы санақ бойынша Хатлон облысы халқының 81.8% тәжіктер, 12.9% өзбектер және 0.5% түрікмендер. Қалған 4.6% халық — басқа ұлт өкілдері.

Халық саны

More information Тарихи халқы[2] ...

Әкімшілік бөлінісі

Хатлон облысы 4 қала және 21 ауданға бөлінген.

More information №, Аудан ...
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads