Хлоя Грейс Морец
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Хлоя Грейс Морец (ағылш. Chloë Grace Moretz [klɒiː greɪs məˈrɛts]; 10 ақпан 1997 жыл, Атланта, Джорджия, АҚШ) — америкалық актриса және модель.
Remove ads
Өмірбаяны
Хлоя Морец Атлантада дүниеге келген. Әкесі - Маккой, хирург болған, анасы - Терри, медбике болып жұмыс істейді. Хлояның 4 үлкен ағасы бар: Брэндон, Тревор, Колин және Итан. 2002 жылы ол анасы және ағасы Тревор мен Нью-Йоркке көшіп келген. Алғаш рет оны өнер мектебіне қабылдаған сәттен бастап ол актер мамандығына қызығушылық танытқан болатын.
Мансабы
Оның карьерасы Голливудта басталған болатын. Алғаш рет түскен фильмі Қорғаушы телесериалындағы Виолеттаның рөлі. Кейін ол 43-тен астам фильмдерге түсіп атақты бола бастады. Статистикаға сүйенетін болсақ барлық әлем Хлояны Егер мен қалсам атты фильм арқылы тани алады. Ол фильме жасөспірім қыздың ата-анасынан айырылу жайлы баяндалған болатын.
Жеке өмірі
Морец кішкентай кезінен бастап сән әлеміне өте қызықан. Қазргі күнге дейін осы салаға үлкен қызығушылық танытады және әртүрлі журналдармен бірге жұмыс атқаруда.
Қазіргі таңда Хлоя Морец Нью-Йорк қаласының өнер академиясында білім алуда.
Дереккөздер
Сілтемелер
- Хлоя Грейс Морец (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
- Хлоя Грейс Морец (ағыл.) TCM Movie Database сайтында
- Хлоя Грейс Морец (ағыл.) AllMovie сайтында
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads