Целинное (Шалғышы ауылдық округі)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Целинное — Қостанай облысы Қарасу ауданы, Шалғышы ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Remove ads
Географиялық орны
Аудан орталығы - Қарасу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 56 км-дей жерде, Торғай үстіртінің қиыр солтүстік-шығыс шетіндегі Тімтуір өзенінің оң жағасында орналасқан.
Халқы
1999 жылы ауылдың тұрғындары 1017 адам (486 ер адам және 531 әйел адам) болса, 2009 жылы 1123 адамды (537 ер адам және 586 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
Іргесі 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты құрылған шошқа өсіретін кеңшар құру негізінде қаланған. 1996 жылға дейін Қостанай облысы Октябрь ауданының құрамында болды. 1996 жылы шаруа қожалықтары құрылды. Целинное жанынан (10 км) Астана — Қараталы (Ресей) темір және автомобиль жолдары өтеді.[2]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads