Қарасу ауданы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Қарасу ауданы
Remove ads

Қарасу ауданыҚостанай облысының шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлініс.[3] 1939 жылы құрылды. 1997 жылы аудан құрамына бұрынғы Октябрь ауданы қосылды. Жер аумағы — 12,8 мың км². Орталығы — Қарасу ауылы.

 Бұл мақала Қазақстан облысы туралы. Қырғызстан облысы үшін Қарасу ауданы (Қырғызстан) деген бетті қараңыз.
Quick facts Әкімшілігі, Облысы ...
Remove ads

Географиялық орны

Солтүстігінде Сарыкөл, батысында Алтынсарин, Әулиекөл, оңтүстігінде Науырзым, шығысында СҚО-ның Ғабит Мүсірепов және Ақмола облысының Есіл, Жарқайың аудандарымен шектеседі.

Жер бедері

Аудан аумағы Торғай Үстіртінің солтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Жер бедері негізінен жазық келген. Кейбір жерлері кішігірім өзендермен оңтүстіктен солтүстікке қарай аздап тілімделген. Төбелі-жонды келген аумақтарында көл қазаншұңқырлары жиі кездеседі.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Ауданның климаты тым континеттік, қысы суық боранды, жазы біршама ыстық келеді. Қаңтардағы ауаның жылдық орташа температурасы — -17…-18°С, шілдеде — 19…21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 250–300 мм. Аудан жерінің топырағы солтүстік бөлігінде қара, оңтүстігінде қоңыр, қызғылт қоңыр болып келеді. Құсмұрын көліне таяу маңда сортаңды қара және қоңыр топырақтар, басқа көлдердің жайылымдарында шалғынды қара топырақ дамыған. Өсімдіктерін жусан аралас астық тұқымдас (селеу, бетеге, қылқан боз, айрауық, т.б.) шөптесіндер құрайды. Солтүстігінде терек аралас қайың шоқтары кездеседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қоян, суыр, сарышұнақ; құстардан қаз, үйрек, аққу, көл жағалай қызғыш, тауқұдірет, шымшық, далалы жерлерде бозторғай, дуадақ, т.б. мекендейді.

Су торабы

Жер беті сулары Қарасу (Қойбағар саласымен), Құндызды, Сүйгенсай және Тімтуір өзендерінен тұрады. Ауданда бірнеше көлдер бар. Олар: Алабота, Құсмұрын (шығыс бөлігі), Қойбағар, Тімтәуір, Жаншора, Биесойған және Жекекөл.

Халқы

More information 1989[4], 2009[5] ...

Тұрғындар саны – 25 258 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 28,50%, орыстар – 42,28%, украиндар – 12,04%, беларустар – 4,52%, немістер – 4,45%, молдовандар – 1,19%, шешендер – 0,81%, удмурттар – 0,55%, башқұрттар – 0,54%, әзербайжандар – 0,34%, мордвалар – 0,32%, чуваштар – 0,32%, армяндар – 0,22%, поляктар – 0,20%, корейлер – 0,19%, ингуштар – 0,13%, басқа ұлт өкілдері – 1,41%.

Remove ads

Әкімшілік бөлінісі

39 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген:

Remove ads

Ірі елді мекендері

More information Елді мекен, Халқы (2021) ...

Шаруашылығы

Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы — 1,27 млн га, оның 855 мың га-сы — егістік, шабындық — 3,4 мың га, жайылым — 367,4 мың га (2009).

Қатынас жолдары

Аудан жері арқылы Қарталы (Ресей аумағында)–Астана темір жол магистралі, одан басқа Қостанай–Қарасу, Қарасу–Қойбағар, Қарасу–Сарыкөл, Қарасу–Шалғыншы, Қарасу–Есіл автомобиль жолдары өтеді.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads