Целиноград ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Целиноград ауданы (1961 жылға дейін Ақмола ауданы) — Ақмола облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Аудан орталығы — Ақмол ауылы.
Remove ads
Тарихы
Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда Ақмола уезінің Ақмола және жартылай Ереймен, Есіл болыстарының жерінен Ақмола атауымен Ақмола округінің құрамында құрылған. Әкімшілік орталығы Ақмола қаласы болған. 1940 жылы 30 маусымда аудан орталығы бір-бірінен 2,5 шақырым қашықтықтағы Новоишимка және Семёновка ауылдарына, ал 1949 жылы Кирово ауылына (қазір Астананың Сарыарқа ауданындағы Көктал кенті) көшірілген. 1961 жылы аудан атауы Целиноград ауданы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 243 Жарлығымен аудан орталығы кейін Ақмол болып өзгертілген Малиновка ауылына ауыстырылды.[4]
Remove ads
Географиялық орны
Аудан солтүстігінде Шортанды ауданымен, шығысында Ерейментау, Аршалы, батысында Астрахан, Қорғалжын аудандарымен, оңтүстігінде Қарағанды облысының Нұра ауданымен шектеседі. Астана қаласы ауданды екі бөлікке бөледі.
Жер бедері
Жер бедері негізінен жазық. Батысы — борпылдақ жыныстан түзілген сәл белесті жазық, шығысы — ұсақ шоқылы белесті-төбелі жазық. Кен байлықтарынан силикаттық бұйымдар жасайтын құм, кірпіш шикізаты, отқа төзімді саз, минералдық бояу, құм, қиыршықтас, т.б. кездеседі.
Климаты
Климаты континенттік. Қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың жылдық орташа температурасы –17 — 18°С, қардың орташа қалыңдығы 20 см. Жазы ыстық, құрғақ. Шілденің орташа температурасы 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 — 300 мм.
Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Негізінен қара және қызғылт қоңыр топырақты. Аудан аумағының көп жері тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты жыртылған. Өсімдіктен бөрте жусан, ақ төскейшөп, бидайық, далалық сәлбен, шалғындық атқонақ пен түлкіқұйрық, селеу, бетеге, көде, өзен бойында қайың, көктерек, қарағай, терек, шегіршін, тал, шілік, т.б. бұталар өседі. Құстардан: дала бүркіті, ұзақ, сауысқан, дала бозторғайы, сары және ақ шақшақай, көкек, шалғын және дала құладыны, барылдауық үйрек, шүрегей, қамыс сұлыкеші, т.б. мекендейді, сүт қо-ректілерден: дала суыры, кіші сарышұнақ, қосаяқ, дала тоқалтісі, қасқыр, борсық, түлкі, қоян, ондатра, күзен кездеседі.
Remove ads
Халқы
Тұрғындар саны 76891 адам (2019). Халқы көп ұлтты: қазақтар (79,32%), орыстар (11,42%), немістер (1,93%), украиндар (1,80%), беларустар (1,00%), татарлар (1,31%), поляктар (0,48%), басқалары (2,75,00%)[7][8] Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,0 адамнан келеді.
Remove ads
Әкімшілік бөлінісі
Аудан аумағындағы 48 елді мекен 5 ауылдық әкімдік пен 16 ауылдық округке біріктірілген:
Remove ads
Өнеркәсiп
Ауданның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы 2006 жылы 2650,8 млн. теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіп орындарынан “Цефар” АҚ-ның (1992 жылдан) фарфор зауыты (Фарфоровое а.) жұмыс істейді. Ол 2005 жылы 8,4 мың т фарфордан жасалған асхана және ас үй ыдыстарын шығарды. Бұдан басқа “АРЭК” АҚ мен “АРЭК — энергосбыт” ЖШС-і халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен 55 шағын кәсіпорын, 273 шаруа қожалығы, 11,4 мың жеке шаруашылықтар шұғылданады (2005). Олардың ішінде 2 ААҚ, 17 ЖШС, 1 ӨК, 1 АҚ, 1 мемл. кәсіпорын, 1 ұжымдық серіктестік, т.б. бар. Осылардың қарамағында 7 шұжық цехы, 3 шағын диірмен, 3 макарон цехы, 2 сүт өңдейтін блок, 1 май сығатын цех, 3 наубайхана, т.б. жұмыс істейді. Аудан аумағында ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 834,5 мың га, оның ішінде жыртылған жер 411,6 мың га, шабындығы 33,1 мың га, жайылымы 325,4 мың га, орманы 400 га. 247,8 мың га егістік жердің 229,8 мың гасына дәнді дақылдар егілген; малазықтық дақылдар 16,6 мың га жерге егілді (2006). 2007 жылдың басында ауданда 33,0 мың мүйізді ірі қара, 24,3 мың қой мен ешкі, 7,9 мың жылқы, 7,6 мың шошқа, 515,5 мың құс болды. Олардан 10,0 мың т ет (тірі салмағы), 41,9 мың т сүт, 55,3 млн. жұмыртқа өндірілді. Ауданда 2006 ж. басында 1 балабақша, 26 орта, 14 орталау, 10 бастауыш мектеп, кәсіптік-техн. мектеп, 1 жоғары оқу орнының бөлімшесі, 1 музыка, 1 спорт мектебі, 62 клуб, 68 кітапхана, 15 отбасылық-дәрігерлік емхана, 31 фельдш.-акушерлік пункт болды. Автомобиль жолы жақсы дамыған, олар Астана, Көкшетау, т.б. елді мекендермен байланыстырады. Аудан аумағы арқылы Астана — Қараталды (Қарталы), Қарағанды — Петропавловск, Астана — Павлодар темір жол өтеді.
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads