Шайза Хабиболлақызы Ахметова
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Шайза Хабибуллақызы Ахметова (1948 жылдың 8 наурызында Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка (қазіргі Қалбатау) ауылында туған) — актриса, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі.
Remove ads
Өмірбаяны
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітірген (1970).
1970 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында актриса.
Фильмографиясы
- М.Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» (реж. Ә.Мәмбетов ) – Қарлыға,
- М. Әуезов «Қарагөз» (реж. Ә. Мәмбетов) – Қарагөз,
- М. Әуезов «Таңғы жаңғырык» (реж. Б. Омаров) – Қатша,
- Қ. Аманжолов «Досымның үйленуі» (реж. Ж. Омаров) – Насихат,
- Е. Домбаев «Біздің кластың қыздары» (реж. С. Асылханов) – Алма,
- Ж. Аймауытов «Ғашықтық дерт» (реж. Қ. Сүгірбеков) – Күнікей,
- Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» (реж. Б. Атабаев) – Ұзынқайша,
- Т. Нұрмағанбетов «Ескі үймен қоштасу» (реж. Ә. Рахимов) – Кексе әйел,
- А. Тасымбеков, Қ. Ысқақ «Кебенек киген арулар» (реж. Б. Атабаев) – Тұтқын әйел,
- М. Мақатаев «Қош, махаббат» (реж. Б. Атабаев) – Сәлима,
- О. Бодықов «Дала тұтқыны» (реж. Р. Сейтметов) – Айша,
- Қ. Бекхожин «Ұлан асуы» (реж. Қ. Жетпісбаев) – Қалмақтың қызы,
- Ш. Айтматов «Ана-Жер-ана» (реж. Ә. Мәмбетов) – Толғанай,
- У. Шекспир «Ричард ІІІ» (реж. А. Пашков) трагедиясында – Анна
- У. Шекспир «Кориолан» (реж. Ә. Мәмбетов) трагедиясында – Волумния,
- У. Шекспир «Асауға-тұсау» (реж. О.И. Пыжова, Б.В. Бибиков) – Катарина,
- М. Булгаков «Жендеттер» (реж. В. Мажурин) – Арманда Бежар,
- Е. Шварц «Қар ханым» (реж. Ә. Рахимов) – Қар ханым,
- Е. Шварц «Күл қыз, Күн қызы» (реж. С. Асылханов) – Өгей шеше,
- Г. Лорка «Бернарда Альбаның үйі» (реж. Р. Сейтметов) – Адела,
- Пиранделло «Өгей қыз» (реж. Р. Сейтметов) – Өгей қыз,
- С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» (реж. Р. Сейтметов) – Мухойя,
- Шиллер «Генуядағы қастандық» (реж. Ф. Зольтер) – Джулия,
- Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» (реж. Р. Андриасян) – Паола,
- Б. Брехт «Тоғышардың тойы» (реж. Б. Атабаев) – Амели,
- Б. Жәкиев «Жүрейік жүрек ауыртпай» (реж. Е.Обаев) – Бәйбіше
Remove ads
Фильмография
- «Қан мен тер» – Бәйбіше (реж. Ә. Мәмбетов, 1979),
- «Қосымша сауалдар» – Райхан,
- «Адам факторы» – Маргарэт,
- «Мергендер» – Ана,
- «Толған ай» – Айша,
- «Сардар» – Дәмеш (реж. Б. Қалымбетов, 2002)
- «Талисман иноходца» - Жена (режиссер Васильев М.),
- «Перекресток» - Ситора,
- «Қызымхана» - Сырғатай және т.б фильмдерде негізгі рөлдерді сомдады.
Жеке өмірі
Қазақ. Әкесі - Ахметов Хабибулла Мамақұлы, қызметкер, КОКП мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ ордені, Қызыл жұлдыз, Отан соғысы, т.б. ордендердің иегері.
Анасы - Тымақбаева Масфура Нұрғалиқызы, үй шаруасымен айналысады.
Діни көзқарасы - мұсылман. Хоббиі - сөзжұмбақтар шешу, спортпен айналысу. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, классикалық әдеби шығармалар.[1]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads