Шепетовка
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Шепетовка (укр. Шепеті́вка) — Украинаның Хмельницкий облысындағы қала. Шепетов ауданының әкімшілік орталығы (2020 жылға дейін облыстық бағыныстағы қала болған).[1] 2025 жылы Шепетовка қаласының тұрғындарының саны 43 393 адамды құрады.[2]
Remove ads
Географиялық орналасуы
Қала облыстың солтүстік бөлігінде, Хмельницкийден 100 шақырым жерде орналасқан. Шепетовка арқылы Гуска және Косецка өзендері ағып өтеді. Темір жол және автомобиль жол торабы.[3]
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық
Шепетовка - шағын қала. Ол өз елінде халық саны бойынша 65-ші орында (Украина), облыста 3-ші орында (Хмельницкий облысы). Әлемдегі барлық қалалар арасындағы орны: шамамен 9145 орын.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Изяслав (18 км), Славута (19 км), Полонное (32 км), Нетешин (34 км), Острог (42 км), Барановка (44 км), Корец (48 км), Староконстантинов (49 км), Красилов (59 км), Новоград-Волынский (60 км), Шумск (68 км), Здолбунов (69 км), Лановцы (78 км), Хмельницкий (84 км), Костополь (88 км), Березно (93 км), Хмельник (94 км), Волочиск (94 км), Деражня (105 км).[4]
Remove ads
Тарихы
Шепетовка туралы алғаш рет князь Иван Заславскийге тиесілі елді мекен ретінде 1594 жылғы жазбаша құжаттарда айтылған.
XVI ғасырдың аяғында Шепетовкаға Магдебург құқығы берілді. Бұл оның өсуіне және тез қоныстануына ықпал етті.
XVI - XVII ғасырлардың басында шаруаларды шоғырландыру процесі қарқынды жүрді. Шепетовка халқы Қырым татарларының жиі шабуылдарына ұшырады. Шаруалар мен қолөнершілер феодалдық езгіге жауап ретінде Гетман Криштоф Косинский бастаған 1591-1593 және Северин Наливайко бастаған 1594-1596 жылдардағы көтерілістерге қатысты.
XVII ғасырдың аяғында Шепетовка Любомирскийдің, ал 1703 жылдан бастап Сангушконың меншігіне айналды.
1795 жылы Шепетовка Волынск губерниясының Заслав уезіне кірді, 1866 жылдан бастап волост орталығы болды.
1923 — Шепетовка қала мәртебесін алып, Шепетов ауданының орталығы болды.
1930 — қала Винница облысының Шепетов ауданының орталығы болды.
Ұлы Отан соғысы кезінде 1941 жылы 5 шілдеде қаланы неміс әскерлері басып алды. 1944 жылы 11 ақпанда Ровно-Луцк операциясы кезінде 1-Украина майданының кеңес әскерлері оны неміс әскерлерінен азат етті.
1989 жылы қаңтарда халық саны 50 876 адамды құрады.[5]
Әлеуметтік жағдайы
Шепетовкада 9 жалпы орта білім беру мекемесі жұмыс істейді. Қалада аудандық өнер және музыка мектептері де бар. Оқу орындары:
- Шепетовский медициналық колледжі;
- Подольск мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінің Шепетовка колледжі.
- Шепетовка кәсіптік лицейі.
Шепетовкада бірқатар мәдени-демалыс мекемелері, түрлі бағыттағы шығармашылық топтар жұмыс істейді. Мәдени мекемелерінің арасында: Балалар музыка мектебі, қалалық мәдениет сарайы, тарихи-өлкетану мұражайы, насихат мұражайы, 3 кітапхана, Островский атындағы кинотеатр, «Шепетовка» мәдениет және демалыс саябағы» коммуналдық мекемесі т.б.
Remove ads
Көрікті жерлері
Шепетовкада революцияға дейінгі кезеңнен қалған сәулет ескерткіштері аз: қант зауытының қоймалары (1884) және Рождества шіркеуі (1848), синагога (1840). Сталиндік кезеңдегі ғимараттар жақсы сақталған: әкімшілік ғимараттар, теміржол вокзалы.
Шепетовкадағы ең ерекше нысан — жастық шағы осы қалада өткен кеңестік классик Николай Островскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы. Мұражай 1946 жылы құрылған, жаңа үй-жайлары 1979 жылы салынған.
Шепетовкадағы демалыс орны — қала орталығында орналасқан тоғандары бар дендросаябақ.[6]
Remove ads
Бауырлас қалалар
Карлскога (Швеция)
Галарея
-
Қалалық әкімшілік
-
Н.А. Островскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы
-
Тарихи-өлкетану мұражайы
-
Әділет үйі
-
Синагога
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads