Шибеник-Книн жупаниясы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Шибеник-Книн жупаниясы (xорв. Šibensko-kninska županija) — Хорватияның орталық бөлігінде орналасқан жупания. Жупанияның әкімшілік орталығы — тарихи және мәдени мұрасымен танымал Шибеник қаласы.
Remove ads
География
Шибеник-Книн жупаниясының аумағы — 2984 км². Шығысында және оңтүстік-шығысында Сплит-Далмация жупаниясымен, солтүстік-батысы мен батысында Задар жупаниясымен шектеседі. Шығысында Босния және Герцеговинаның Мұсылман-хорват федерациясымен, ал батысында Адрия теңізімен шекаралас. Жер бедері өте таулы. Жупания Шибеник және Корнат топаралының 242 аралын қамтиды, ең үлкен аралдары — Муртер, Корнат және Жирье. Жупания аумағында Корнаты және Крка ұлттық парктері орналасқан.
Remove ads
Халқы
2001 жылғы халық санағының деректері бойынша, жупания аумағында 112 891 адам тұрған[1]. Жупания халқының ұлттық құрамы: 88,44% хорваттар, 9,06% сербтер және 2,5% басқа халықтар. Югославияның ыдырауына дейін, 1991 жылы хорваттар 61,7%-ды, ал сербтер 34,2%-ды құраған[2].
Әкімшілік бөлінісі
Шибеник-Книн жупаниясы 19 әкімшілік бірлікке (5 қала және 14 қауымдастық) бөлінеді:
- Шибеник (жупания орталығы), халқы 37 060 адам
- Книн, халқы 11 128 адам
- Водице, халқы 6116 адам
- Дрниш, халқы 3332 адам
- Скрадин, халқы 619 адам
- Бискупийя
- Билице
- Цивляне
- Ервеник
- Кийево
- Кистанье
- Муртер-Корнаты — Муртер, қауымдастық орталығы
- Пировац
- Примоштен
- Промина — Оклай, қауымдастық орталығы
- Рогозница
- Ружич — Градац, қауымдастық орталығы
- Тисно
- Трибунь — 2006 жылы құрылды, Водице қауымдастығынан бөлінді
- Унешич
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
