Сплит-Далмация жупаниясы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сплит-Далмация жупаниясы
Remove ads

Сплит-Далмация жупаниясы (xорв. Splitsko-dalmatinska županija) — Хорватияның Далмация аймағында орналасқан жупания. Жупанияның әкімшілік орталығы — Сплит қаласы.

Quick facts Әкімшілігі, Ел ...

Жупания Орта Далмацияда, Адрия теңізінің жағалауынан Босния және Герцеговина шекарасына дейін созылған ұзын жолағында орналасқан. Сонымен қатар, оған жақын аралдар да кіреді, олардың ең ірілері — Брач, Хвар, Вис және Шолта. Солтүстік-батыста Шибеник-Книн жупаниясымен, оңтүстік-шығыста Дубровник-Неретва жупаниясымен шектеседі.

Remove ads

Халқы

Жупания тұрғындарының саны — 463 676 адам[1]. Жупанияда хорваттар (96,30%), сербтер (1,19%), албандар (0,19%), босниялықтар (0,19%), словендер (0,19%), черногорлықтар (0,13%) тұрады (2001 жылғы деректер бойынша)[2].

Географиясы және климаты

Сплит-Далмация — Хорватияның жер аумағы бойынша екінші жупания (4540 км²).

  • Ең биік тау — Свети Юре тауы (Биоково таулары) (1762 м).
  • Ең ұзын өзен — Цетина (101 км).
  • Ең үлкен арал — Брач (395 км²).

Жупанияның жағалауында және аралдарында жерортатеңіздік климаты басым. Құрлықтық бөлігінде субжерортатеңіздік климаты, ал таулы аймақтарда таулы климаты басым. Жаздары — құрғақ және жылы (жазда орташа ауа температурасы 26 °C). Қысы жұмсақ, жауын-шашын аз мөлшерде түседі. Құрлықта температура айырмашылығы жоғары. Желдердің ішінде салқын ауа-райын әкелетін құрлықтан теңізге қарай бора желі соғады, ал оңтүстіктен теңізден құрлыққа қарай соғатын сирокко желі жылы және бұлтты ауа-райын әкеледі.

Remove ads

Қалалары

More information Қала, Халық саны ...

Қауымдастықтары

More information Қауымдастық, Халық саны ...
Remove ads

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads