Шолпан Иманбаева
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Шолпан Иманбаева (1904, Майбалық ауылы, Қорғалжын ауданы, Ақмола уезі, Ақмола облысы, Ресей империясы – 18 қыркүйек 1926, Ақмола, Қазақ АКСР, РКФСР, КСРО) – қазақ ақыны.
1923 жылы Ақмола қаласында сауат ашу курсында оқыған. Оны бітірген соң қаладағы балалар коммунасында тәрбиеші болып қызмет істейді. Осы кезден бастап шығармашылыққа ден қойып, өлкелік әйелдер курсында өз өлең-жырларын жиі оқып жүреді. “Жолаушы мен жұмыскер” деген алғашқы өлеңі 1923 жылы “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде жарияланды. Кейін “Қызыл Қазақстан”, “Әйел теңдігі” журналдары мен “Жас қайрат” газетінде саяси-әлеум. тақырыптағы өлеңдері жарық көрді. Шығармалары 1927 жылы “Таңдамалы өлеңдер” деген атпен Қызылорда қаласында басылып шықты. Иманбаева өз тұсындағы қазақ әйелдерінің мұң-мұқтажын, арман-тілегін жырлады (“Қоңыр қаз”, “Қазақ әйеліне”, “Жолдасыма”, “Апайға” т.б.), жастар мен ғылым-білім тақырыбына өлеңдер арнады (“Жеттік міне”, “Біздің Сәуле”, “Жас ініме”, “Жас қайратқа” және “Жастарға” т.б.), қоғамдағы ұнамсыз құбылыстарды өткір сынға алды (“Бұлбұл мен қарға”, “Зейнепке”, “Жәкең жаман сасады”). Иманбаева өлеңдері мазмұнының өткірлігімен, тілінің көркемдігімен ерекшеленеді.[1]
Астана қаласындағы орталық көшенің біріне Шолпан Иманбаева есімі берілген.
Remove ads
Ол туралы естелік
Ақынның өмірі мен өлеңдері туралы алғашқы зерттеу еңбегін Нәзипа Құлжанова жазды. Ол ақын қайтыс болғанына жеті ай болғанда, 1927 жылдың наурыз айында «Әйел теңдігі» журналына «Ақын Шолпан» деген мақала жариялады. Онда Нәзипа: «Шолпан ақын еді. Көбіне әйел мұңын жырлады. Ойына алған сөзді еркін жазатын түрі бар еді. Тәлім-тәжірибесі аздығы өрісін кеңейттірмей келді. Ол кездері қазақ кітабы тіпті аз. Орыс жазушыларына тілі жетпей, Шолпанның ақындығы арманда кетті», деп өкінішін білдірген.
Remove ads
Өлеңдер жинағы
Сара Есова 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналының редакторы болып қызмет істеп жүргенде ақынның еңбектерін жинақтап, алғы сөз жазып, Нәзипа Құлжанова екеуі «Таңдамалы өлеңдер» деген атпен Қызылорда қаласында кітап етіп бастырып, жарыққа шығарған. Сол кітапқа Сәкен Сейфуллин «Таныстыру» деп аталатын шағын ғана беташар мақаласында: «Үзілген қызғалдақ, қиылған көк шыбық қалды көміліп топырақ астында, Өзі өлсе де Шолпанның сөзі қалды артында» деп жазыпты. Ақын қыздың кітабы 1950 жылы екінші рет басылады және 1971 «Жазушы» баспасынан қайта басылып шығады.
Remove ads
Естелік
Қазақ КСР халық жазушысы Дихан Әбілевтің «Шолпан» поэмасы қазақтың тұңғыш қыз-ақынына арналған[2].
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads