Эпидермис
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Эпидермис — терінің сыртқы қабаты. Эпителийдің көп қабатты құрылымы.
Құрылысы
Терінің сыртқы (эпидермис) қабаты эпитерлийдің үздіксіз жаңарып отыратын өлі жасушаларынан тұрады. Олардан шаш пен тырнақтар пайда болады. Оның ішкі қабатында меланин пигменті орналасқан.
Қызметі
Эпидермис қабаты ағзаны түрлі ауру туғызушы бактериялардан, механикалық және химиялық әсерлерден қорғап, D дәруменін өндіреді. Сонымен қатар, бұл қабатта орналасқан меланин организмді ультракүлгін сәулелерден қорғап, терінің түсіне әсер етеді.
Эпидермистің туындысы
Тырнақ — эпидермистің туындысы және тығыз мүйізді пластинка. Тырнақ саусақтың сезімтал бөлігін механикалық зақымданудан сақтайды және ол өз түбіріндегі жасушалардың көбеюінің нәтижесінде өседі.
Әдебиет
- "Биология". Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8-сыныбына арналған оқулық. Нұр-Сұлтан, 2019 ж.
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads