Қала-мемлекеті
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Қала-мемлекеті — қаламен басқарылатын (ереже бойынша, бір орталыққа бағынатын) және әдетте тәуелсіз мемлекет болып табылатын кішігірім территория. Тарихи қала-мемлекеттер көбінесе мәдени облыстардың және әр түрлі саяси одақтардың бір бөлігі болып табылған, мысалы:
- Ежелгі Месопотамия, Финикия немесе майяның қала-мемлекеттері;
- Ежелгі грек полистері;
- Италияның Орта ғасырлардағы және Ренессанс дәуіріне жататын қала-коммуналары;
- Орта ғасырлардағы Германияның ерікті қалалары.

Әдетте қала-мемлекеттері ежелгі замандарда және ортағасырларда кездескен. Алайда болашақ тәуелсіз мемлекеттер, ресми немесе бейресми одақтарға бірігіп отырған. Кейбір кездерде империялар немесе одақтар (конфедерациялар және федерациялар) тікелей аннексия нәтижесінде құрылған (мысалы, Микен өркениеті немесе Рим республикасы), ал кейбір жағдайларда өзара қорғаныс мақсатында, ерікті альянс ретінде құрылған (Пелопоннес, Афина және Беотия одақтары).
Орта ғасырлардағы қала-мемлекеттері — ерікті қалалар және қала-коммуналар — орта ғасырлардағы Германияның, Италияның және Ресейдің ерекшелігі болған. Олардың көбісі Ганза одағына мүше болған.
Remove ads
Қазіргі әлемдегі қала-мемлекеттері
Казіргі таңда тек бірнеше қала-мемлекет бар, дегенмен олардың арасында көбісінің толық егемендігі жоқ.
Экватордан 137 км солтүстікте, Малайзияның Жохор облысының оңтүстігінде, Индонезияның Рияу аралының солтүстігінде орналасқан қала-мемлекет, арал-ел.
1959 жылдан бастап Сингапур Британ империясының өзіндік басқаруға ие мемлекеті болып саналды, сайлау нәтижесінде премьер-министр лауазымын Ли Куан Ю атқарды.
Ергежейлі мемлекет, Францияға ұқасатырылатын мемлекет, Еуропаның оңтүстігінде Лигурий теңізінің жағасында орналасқан; құрлықта Франциямен шектеседі[1]. Әлемдегі ең кіші және ең тығыз орналасқан елдердің бірі.
Рим территориясының ішіндегі Ергежейлі мемлекет-анклав (әлемдегі ең кіші мемлекет, Италияға ұқсастырылады.
Дереккөздер
Әдебиет
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads