Ергежейлі мемлекет
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ергежейлі мемлекет — кейбір көрсеткіштер бойынша (мысалы, аумағы бойынша, халық саны бойынша және т. б.) басқа мемлекеттерден аз жағына қарай едәуір ерекшеленетін мемлекет.
Аудан өлшемі бойынша, ергежейлі деп, әдеттегідей, Люксембург ауданынан кем мемлекеттер аталады. Кейде Люксембургтің өзі де ергежейлі мемлекеттердің қатарына жатқызылады.
Сонымен қатар көрсеткіш ретінде жиі халық саны қолданылады. Сонымен бірге БҰҰ және Дүниежүзілік банктің терминологиясы бойынша ергежейлі деп, халық саны 1 млн адамнан аспайтын мемлекеттер саналады. Ұлттар достастығының баяндамаларында кіші елдер деген термин қолданылады және халық санның шегі 1,5 млн адам. Кейде ергежейлі деп халық саны 500 мың адамнан кем мемлекеттер аталады.
Remove ads
Ергежейлі мемлекет
Ергежейлі мемлекеттердің көбісі біршама жас құрылымдар болып табылады (Шығыс Тимор және басқалар). Сонымен қатар Еуропадағы ергежейлі мемлекеттердің басым бөлігі сан ғасырлық тарихына ие. Мысалы, Сан-Марино Еуропадағы ең ескі ел болып саналады.
Кейде ергежейлі ел ұғымы қолданылады, олардың қатарына шағын тәуелсіз мемлекеттер ғана емес, басқа да шағын географиялық және тарихи оқшауланған (көбінесе аралды) аумақтар кіреді — тәуелді аймақтар, әкімшілік автономялар және т. б. Мысалдар — Мэн аралы, Гернси, Борнхольм, Гибралтар, Майотта, Гуам, Ниуэ, Гельголанд, Афон және т. б.

Remove ads
Ауданы 1000 км²-ден кем тәіелсіз елдер (теңіз аймағы саналмаған).[1][2]
Remove ads
- Сингапур және Бахрейн тізімге кірмеген, өйткені олардың халық саны 500,000 адамнан көп.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads