Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Қолданбалы бағдарлама (Windows ортасындағы) (Приложения Windows; Windows application) — Windows операциялық жүйесі негізінде жұмыс атқаратын қолданбалы бағдарлама. Мұндағы графикалық интерфейстің ұйымдастыру ережелері, мәзір жүйесінің, диалогтық терезелерінің пішімдері Windows қолданбалы бағдарламаларының барлығына бірдей (мәзірдің көрінісі және орналасуы, тінтуірді және пернелерді пайдалану ережелері және т.б.) болады.
Remove ads
Қолданбалы бағдарламалар дестесі
Қолданбалы бағдарламалар дестесі(Пакет прикладных программ; application program package) — белгілі бір саладағы мәселелерді шешуге арналған бағдарламалар мен оларды пайдалану тәсілдерінің жинағы. Олар магниттік дискілерде немесе таспаларда жазылып, компьютермен бірге жіберілуі мүмкін. Әрбір қолданбалы бағдарламалар бумасы нақты саладағы мәселелерді шешуге икемделген (мысалы, бухгалтерлік есеп, дифференциалдық теңдеулерді шешу және т.б.).
Remove ads
Қолданбалы бағдарламалар интерфейсі
Қолданбалы бағдарламалар интерфейсі(Интерфейс прикладных программ; application programming interface) — 1) бағдарламалаушылар белгілі бір компьютерлік ортада қолданбалы бағдармалар жазуға пайдаланатын міндеттер жинағы (интерфейс); 2) операциялық жүйе орындайтын төменгі деңгейлік операцияларды жүзеге асыруға қолданбалы бағдарлама шақыратын процедуралар жинағы.
Қолданбалы бағдарламалау
Қолданбалы бағдарламалау (Прикладное программирование; application programming) — қолданбалы мәселелер шешуге арналған бағдарламалау.
Қолданбалы (арнайы) бағдарламалық жасақтама
Қолданбалы (арнайы) бағдарламалық жасақтама (Прикладное (специальное) программное обеспечение; application software) — қолданбалы мәселелерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтаманың бөлігі.
Қолданбалы бағдарламаның негізгі терезесі
Қолданбалы бағдарламаның негізгі терезесі(Основное окно приложения; Main application window немесе main window) — көп терезелі қолданбалы бағдарламалар үшін мәзірі мен туынды терезелері бар негізгі бағдарлама мен адам арасындағы өзара байланысты ұйымдастыратын терезе.[1]
Ішкі сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
- Windows Applications (ағылш.)
- Microsoft Windows (орысша)
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads