Әйтеке би ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Әйтеке би ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылы.
Remove ads
Географиялық орны
Аудан Ақтөбе облысынан 320 шақырым жерде, облыстың солтүстік-шығысында, Ресеймен шекаралас Ырғыз өзенінің бойында орналасқан. Батысында облыстың Хромтау, Мұғалжар, оңтүстігінде Шалқар, Ырғыз, шығысында Қостанай облысының Қамысты, Жангелдин аудандарымен, солтүстігінде Ресей Федерациясымен шектеседі.
Тарихы
1966 жылдың 31 қаңтарында Қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Президиумның Жарлығымен Комсомол ауданы болып құрылған. Аудан орталығы Бөгеткөл селосы болып белгіленді. Оның құрамына Қарабұтақ ауданының 8 селолық Кеңесі енді: Жамбыл, Жаңадәуір, Қызылжар, Құмқұдық, Псков, Талдысай, Тереңсай, Ұшқатты. Сол кездегі берілген мәліметтерге сүйенсек, аумағы 870 мың га, ауыл шаруашылығына жарамды жерлері 819 мың га болды. Егінді аудан ретінде қалыптасқан шаруашылыққа «Восточный», «Псков», «Северный», «Урожайный», «Щербаковский», «Ярославский» және ХХІІ Партсъезд атындағы тың совхоздары біріктірілген. 1993 жылы Комсомол ауданының атауы Бөгеткөл ауданы болып өзгертілді. 1997 жылдың 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен Бөгеткөл ауданы көршілес Әйтеке би (бұрынғы Қарабұтақ) ауданымен біріктіріліп, Әйтеке би есімін иеленді де, Комсомол селосы аудан орталығы болып белгіленді[4].
Remove ads
Халқы
Тұрғыны 24895 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (93,68%), орыстар (4,05%), басқалары (2,27%).
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 27 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:
Remove ads
Ірі елді мекендері
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Аудан жері негізінен үстіртті жазық (биіктігі 100 – 400 м) келеді. Солтүстік-шығысын Мұғалжар тауы алып жатыр. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –17°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 – 250 мм. Аудан жерінен солтүстіктен оңтүстікке қарай Ырғыз өзені мен оның Қарабұтақ, Қайрақты, Шолаққайрақты, Ұлыталдық, Балаталдық, т.б. салалары ағып өтеді. Аудан аумағында Белқопа, Әйке, Тегіссор көлдері бар. Аудан жері негізінен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты келеді. Өсімдіктерден боз, бетеге, жусан, қамыс, киікоты, жоңышқа, изен, тобылғы, көкпек, қараған, алабота өседі. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қоян, қасқыр, күзен, борсық, ақ бөкен, киік; құстардан қаз, үйрек, тырна, дуадақ, жылқышы, тауқұдірет, балықшы, қызғыш, қарақұс, жапалақ, бозторғай, бүркіт, т.б. мекендейді. Ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 188,9 мың га. Оның ішінде жыртылатын жері 69,3 мың га, шабындығы 4,3 мың га, жайылымы 835,8 мың га.
Remove ads
Жол жүйесі
Әйтеке би ауданы арқылы Астана-Ақтөбе теміржол сапар желісі өтеді. Негізгі автокөлік жолы Қарабұтақ — Комсомол — Северный — Жайылма елді мекендер үстінен өтеді.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads