1-дәрежелі армия комиссары

From Wikipedia, the free encyclopedia

1-дәрежелі армия комиссары
Remove ads

1-дәрежелі армия комиссары (орыс. Армейский комиссар 1-го ранга) — Қызыл Әскер мен КСРО әскери-теңіз флотындағы әскери-саяси құрамның жоғарғы әскери атағы. Басшылық құрамның басқа санаттарында оған тең келетін дәрежелер болмады. Қолбасшылық құрамда 1940 жылдың 7 мамырына дейін 1-дәрежелі командарм жалпыәскери атағы және 1-дәрежелі флот флагманы әскери-теңіз атағы сәйкес келді. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1940 жылғы 7 мамырдағы «Қызыл Әскердің жоғарғы қолбасшылық құрамының әскери атақтарын белгілеу туралы» жарлығымен генерал және адмирал атақтары енгізілген соң жоғарғы қолбасшылық құрамның жалпыәскери және әскери-теңіз атақтарына нақты сәйкестік белгіленбеді.

Quick facts Мемлекеті, Құрылды ...

Бұдан кейінгі төменгі шен — 2-дәрежелі армия комиссары

Remove ads

Тарихы

КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1935 жылғы 22 қыркүйектегі «ЖШҚӘ қолбасшылық құрамы үшін жеке әскери атақтарды енгізу туралы» қаулысымен, бастапқыда ЖШҚӘ Бас саяси басқармасының (саяси үгіт-насихат басқармасының) басшыларына арналған К-14 қызмет санатындағы саяси құрамның бұрынғы барлық атақтарын (округ комиссары, майдан комиссары және оларға теңестірілгендер) ауыстыру арқылы енгізілді.

1942 жылы 9 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының «Қызыл Әскерде толық қолбасшылық бірлігін орнату және әскери комиссарлар институтын жою туралы» Жарлығымен комиссарлар институты командирлердің саяси істер жөніндегі орынбасарлары (саясиор) институтымен алмастырылды. Бұл ретте арнаулы әскери атақтар жойылып, оларды иеленген әскери қызметшілерге тиісті жалпыәскери атақтар берілді. Әдетте, 1-дәрежелі армия комиссары әскери атағы армия генералы шеніне сәйкес келеді деген пікір бар, бірақ қайта куәландыру кезінде сол кездегі жалғыз 1-дәрежелі армия комиссары Щаденко генерал-полковник әскери атағын алды.

Балама атақтар
More information Әскерлер түрі, Сәйкес атақ/лауазым ...
Remove ads

Айырым белгісі

Thumb
1-дәрежелі армия комиссарының шинелдегі ілгегі
1-дәрежелі армия комиссарының гимнастеркадағы ілгегі
Thumb
ӘТФ 1-дәрежелі армия комиссары

Армиядағы 1-дәрежелі армия комиссарының айырым белгісі 1-дәрежелі командармның белгісімен бірдей — тек ілгектерінің жиектерімен ерекшеленеді, командирдегідей алтын түстестің орнына — саяси қызметкерлердікіндей қара түсті болып келеді, сондай-ақ, кіші қолбасшылық құрам мен Қызыл Әскер жауынгерлеріндегідей ілгектерінде төрт ромб мен жұлдыз болды.

ЖШҚӘ әскери-саяси құрамы үшін жең шеврондарының орнына ені 3 мм қызыл жібекпен жиектелген диаметрі 5,5 см сәл доғал пішінді қызыл жұлдыздар, ал ішінде алтын балға мен орақ орналасқан (1-дәрежелі армия комиссарлары үшін - пішіні мен диаметрі бірдей балға мен орағы жоқ алтын жұлдыздар 1-дәрежелі командармдарының жең жұлдыздарындағыдай).

Флотта ілгектер болмады, олардың орнына оқа қолданылды. Олардың түстері, сондай-ақ жең айырым белгісіндегі жолақтар КСРО ХКК 1935 жылғы 2 желтоқсандағы № 2591 қаулысымен бекітілді. Оқа мен олардың үстіндегі жұлдыздардың түсі сары (алтын), ал оқа арасындағы жолақтар (әдіптер) қызыл түсті болды. ӘТФ 1-дәрежелі армия комиссарының төрт жолағы бар оқалардың үстінде бір қызыл бесбұрышты жұлдыз болды.

Remove ads

Есімнама

1935 жыл

КСРО ОАК мен КСРО ХКК 20.11.1935 жылғы «ЖШҚӘ жоғарғы қолбасшылық және басшылық құрамның тұлғаларын әскери шендерге бекіту туралы» қаулысымен мыналарға осы әскери атақ берілді:

  • Гамарник Ян Борисович (1894—1937) — КСРО қорғаныс халық комиссарының бірінші орынбасары және ЖШҚӘ Бас саяси басқармасы басшысы, тұтқынға алынады деген сезіммен өзін-өзі атты.

1937 жыл

30.12.1937

  • Смирнов Петр Александрович (1897—1939) — КСРО әскери-теңіз күштері халық комиссары. 1939 жылы 23 ақпанда ату жазасына кесілді. 1956 жылы ақталды.

1939 жыл

КСРО ХКК 1939 жылғы 8 ақпандағы № 176 қаулысымен:

  • Мехлис Лев Захарович (1889—1953) — ЖШҚӘ Бас саяси басқармасы басшысы, 1942 жылы 4 маусымда корпус комиссары шеніне дейін төмендетіліп, Халық Комиссарлары Кеңесінің 1942 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысымен қайта куәландыру арқылы генерал-лейтенант атағын алды.
  • Щаденко Ефим Афанасьевич (1885—1951) — ЖШҚӘ қолбасшылық және басшылық құрам жөніндегі басқарма басшысы, Халық Комиссарлар Кеңесінің 1942 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысымен қайта куәландыру арқылы генерал-полковник атағын алды.
Remove ads

1941 жыл

22.02.1941

  • Запорожец Александр Иванович (1899—1959) — ЖШҚӘ Бас саяси басқармасы басшысы, 1942 жылы 8 қазанда корпус комиссары шеніне дейін төмендетіліп, Халық Комиссарлары Кеңесінің 1942 жылғы 6 желтоқсандағы қаулысымен қайта куәландыру арқылы генерал-лейтенант атағын алды.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads