2-дәрежелі армия комиссары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
2-дәрежелі армия комиссары (орыс. Армейский комиссар 2-го ранга) — КСРО ҚК жоғарғы саяси құрамына арналған ЖШҚӘ мен ЖШҚФ жеке әскери атақ.
Бұдан кейінгі төменгі шен — корпус комиссары, ал жоғары атақ — 1-дәрежелі армия комиссары.
Remove ads
Тарихы
КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1935 жылғы 22 қыркүйектегі «ЖШҚӘ басшылық құрамы үшін жеке әскери атақтарды енгізу туралы» қаулысымен енгізілген.
Іс жүзінде, КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 07.05.1940 жылғы «Қызыл Әскердің жоғарғы қолбасшылық құрамының әскери атақтарын белгілеу туралы» Жарлығымен генералдық атақтардың енгізілуімен жойылды.
| кіші атақ: Корпус комиссары |
2-дәрежелі армия комиссары |
жоғарғы атақ: 1-дәрежелі армия комиссары |
Remove ads
Есімнама
- Амелин Михаил Петрович (1896—1937), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Киев әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1937 жылы 8 қыркүйекте ату жазасына кесілді.
- Аронштам Лазарь Наумович (1896—1938), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Еділ әскери округінің Әскери кеңес мүшесі. 1938 жылы 25 наурызда ату жазасына кесілді.
- Булин Антон Степанович (1894—1938), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Беларусь әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1938 жылы 29 шілдеде ату жазасына кесілді.
- Векличев Георгий Иванович (1898—1938), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Мәскеу әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1938 жылы 8 қаңтарда ату жазасына кесілді.
- Гришин Александр Сергеевич (1891—1937), Әскери кеңес мүшесі — Балтық флотының саяси басқарма басшысы. Тұтқындалудан қорқып 1937 жылы 15 шілдеде өзін-өзі атты.
- Гугин Григорий Иванович (1896—1937), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Қара теңіз флотының саяси басқарма басшысы. 1937 жылы 26 қарашада ату жазасына кесілді.
- Иппо Борис Михайлович (1898—1937), Н. Г. Толмачев атындағы Әскери-саяси академия басшысы және КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі. 1937 жылы 26 қарашада ату жазасына кесілді.
- Кожевников Сергей Николаевич (1896—1938), Әскери кеңес мүшесі — Харьков әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1936 ж. желтоқсанда жаңа тағайындаусыз қызметінен босатылды; 1937 ж. шілдеде ЖШҚӘ қатарынан шығарылды. 1938 жылы 9 қаңтарда ату жазасына кесілді.
- Ланда Михаил Маркович (1890—1938), «Қызыл жұлдыз» газетінің бас редакторы. 1938 жылы 28 шілдеде ату жазасына кесілді.
- Мезис Август Иванович (1894—1938), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Еділ әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1938 жылы 21 сәуірде ату жазасына кесілді.
- Окунев Григорий Сергеевич (1900—1938), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Тынық мұхит флотының саяси басқарма басшысы. 1938 жылы 28 шілдеде ату жазасына кесілді.
- Осепян Гайк Александрович (1891—1937), ЖШҚӘ Бас саяси басқармасы басшысының орынбасары. 1937 жылы 10 қыркүйекте ату жазасына кесілді.
- Славин Иосиф Еремеевич (1893—1938), ЖШҚӘ әскери оқу орындары басқармасы басшысы. 1938 жылы 15 наурызда ату жазасына кесілді.
- Смирнов Петр Александрович (1897—1939), КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі — Ленинград әскери округінің саяси басқарма басшысы. 1937 жылы желтоқсанда КСРО әскери-теңіз флоты халық комиссары оны 1-дәрежелі армия комиссарына дейін жоғарылатты. 1939 жылы 23 ақпанда ату жазасына кесілді.
- Шифрес Александр Львович (1898—1938), ЖШҚӘ әскери-шаруашылық академиясы басшысы және КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі. 1938 жылы 25 қыркүйекте ату жазасына кесілді.
Remove ads
- 14 маусым 1937 жыл — Берзин Ян Карлович (1889—1938), ЖШҚӘ Бас барлау басқармасы басшысы және КСРО қорғаныс халық комиссары қарамағындағы Әскери кеңес мүшесі, ату жазасына кесілді.
- 30 желтоқсан 1937 жыл —
- Мехлис Лев Захарович (1889—1953), ЖШҚӘ Бас саяси басқармасы басшысы, 1939 жылы 1-дәрежелі армия комиссары атағына дейін жоғарылатылды.
- Щаденко Ефим Афанасьевич (1885—1951), ЖШҚӘ қолбасшылық пен басшылық құрам басқармасы басшысы, 1939 жылы 1-дәрежелі армия комиссары атағына дейін жоғарылатылды.
Remove ads
- 4 сәуір 1940 жыл — Запорожец Александр Иванович (1899—1959), Мәскеу әскери округінің Әскери кеңес мүшесі, 1941 жылы 1-дәрежелі армия комиссары атағына дейін жоғарылатылды.
- 20 маусым 1940 жыл
- Бирюков Николай Иванович (1901—1974), Қиыр Шығыс майданының Әскери кеңес мүшесі, танк әскерлері генерал-лейтенанты атағына қайта куәландырылды.
- Борисов Владимир Николаевич (1901—?), ЖШҚӘ саяси үгіт-насихат бас басқармасы басшысының орынбасары, 1941 жылы шілдеде алаяқтық жасап, атағынан айырылып, 5 жылға еңбекпен түзеу мекемесіне[2] сотталған. 1944 жылы мерзімінен бұрын босатылып, полковник шенін алды. 1948 жылы тағы да тұтқындалып, 5 жылға сотталды. Мерзімі толық көлемде өтелді. 1954 жылы ақталды.
Remove ads
- 22 қазан 1941 жыл — Степанов Павел Степанович (1901—1977), КСРО ӘӘК қолбасшысының саяси істер жөніндегі орынбасары, авиация генерал-майоры атағына қайта куәландырылды.
- 17 қараша 1941 жыл — Кузнецов Федор Федотович (1904—1979), ЖШҚӘ саяси үгіт-насихат бас басқармасы басшысының орынбасары, генерал-лейтенант атағына қайта куәландырылды.
Айырым белгілері
Армия мен авиациядағы 2-дәрежелі армия комиссары атағының айырым белгілері: әскер түрлері танымбелгісі бейнеленген ілгектердегі төрт ромб (1940 жылдың 30 шілдесінен кейін) және барлық дәрежедегі саяси қызметкерлерге екі жеңіне қайырмадан жоғары балға мен орағы бар қызыл жұлдыз (1941 жылы 1 тамызда мұндай жапсырмаларды алып тастады) тігілді.
Тағы қараңыз
- 1935-1940 жылдардағы ЖШҚӘ әскери атақтар мен айырым белгілер
- 1940-1943 жылдардағы ЖШҚӘ әскери атақтар мен айырым белгілер
- 2-дәрежелі флот флагманы
- 2-дәрежелі командарм
- 2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
