Intel
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Intel Corporation — америкалық корпорация, кең көлемді электронды қондырғылар мен компьютерлік компоненттерді, микропроцессорлер, логикалық жүйе жинақтары (чипсеттер) және т.б. шығарады. Штаб-пәтері Калифорния штатындағы Санта-Клара қаласында орналасқан.
Remove ads
Тарихы

Компания Роберт Нойс пен Гордон Мур тарапынан Fairchild Semiconductor компаниясынан кетуінен кеткеннен кейін 1968 жылы құрылды. Тез арада оларға Энди Гроув қосылған болатын. Олардың бизнес-жоспары небәрі Роберт Нойстың басып шығарған бір қағазы ғана болатын. Ол қағаз арқылы олар бас кезінде Fairchild компаниясына көмектескен қаржыгерден старттық кредит 2,5 млн доллар алды. Сәттіліктер тек 1971 жылы ғана Жапондық компания Busicom – мен қызметтескеннен кейін келе бастады.Intel сол кезде он екі арнайы дайындалған микросхема жасау сұранысының орнына Тэд Хоффтың ұсынысы бойынша универсалды Intel 4004 микропроцессорын ойлап тапты. Оның өнімділігі сол кездегі ең мықты компьютерлерден кем емес еді. Келесе кезде Intel 8008 шыға бастады. 1990 жылдары компания комьютерлердің процессорларын шығаруда ірі компаниялардың біріне айналды. Қазіргі кезде де Pentium мен Celeron ең танымал процессорлар болып табылады. Intel компьютерлік техника дамытуда бойынша өте маңызды үлесін қосты.Тек қана барлық порттар мен шиналар, басқармалық жүйелер шығару үшін Intel – мен жұмыс істеу керек болды не болмаса тек Intel – де ғана шығатын. Мысалға алатын болсақ, DDR Intel – дің көмегімен танымал болды, алайда бас кезде басқа жады түрін қолданатын болатын - RAMBUS RAM (RDRAM).
Remove ads
Меншік иесі және басшылық
Компанияның 100% акциялары еркін қолданыста биржалық қорларда. 2008 жылдың маусымының ортасына нарықтық капитализация $128.8 млрд құрады. Директорлар кеңесінің төрағасы – Джейн Шо(тәуелсіз директор), президенті және басқарушысы – Пол Отеллини. Қызметі Intel – әлемдегі ең үлкен микропроцессорлар шығарушы, 2008 жылға осы саладағы нарықтың 75% құрады. Компанияның негізгі тұтынушылары персоналды компьютер шығарушы Dell мен Hewlett Packard болып табылады. Микропроцессорлардан басқа Intel жүйелік жабдықтар мен өнеркәсіпке жартылайөткізгіштердің компоненттерін шығарады. Компанияның 2008 жылғы пайдасы – 37,58$ млрд, таза пайдасы – 5,29$ млрд
Remove ads
Антимонопольді процесстер
2009 жылдың мамыр айында Еурокомиссия Intel компаниясын Acer, Dell, Hp, Lenovo, Nec фирмаларына AMD микропроцессорларын емес Intel микропроцессорларын алуы үшін жасырын сыйақы беріп отырды деп айыптап, €1,06 млрд айыппұл төлетті. Және бұл жұмыстарды дереу тоқтатуын ескертті. Алайда Intel әкімшілігі Еурокомиссия айыптауын аппеляцияға беруіне тура келді. 2009 жылдың басында Еуробірлестіктің барлық шағымдарына қараушы Никифорос Диамандурос Еурокомиссияны халық ішінде сынға тақты. Никифорос Диамандурос Еурокомиссияның 2006 жылы әлемде екінші орынды алған Dell компаниясымен де кездесуді өткізбеген екендігін және сондай айыпқа бел буғандығын өте «жақсыпиғыл» еместігін айтқан болатын. Және Dell компаниясының комиссарлары Intel компаниясының микропроцессорларын олардың басым келтіруімен емес, сапасы жақсы болғаннан кейін қолданатынын айта кеткен болатын.Жауап ретінде Еурокомиссия Intel компаниясының үстіде атап өткен компаниялармен болған келісіміндегі AMD өнімінің сатылуын 5% түсіруін атап өткендігін жариялады.
Әйтеуір жанжал 2009 жылдың қазан айында басылды. Intel AMD – ға $1,25 млрд төледі және кейбір бизнес-пландарға қол қоюы және AMD барлық айыптарын дүниежүзі бойынша кері тартуы керек болды.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads