Тасқала ауданы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Тасқала ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Тасқала ауданы 1933 жылы 8 қараша айында құрылып, "Каменка ауданы" деп аталған, 1993 жылдан қазіргі атауын иеленді. Ауданның аумағы - 8 068 км².
Remove ads
Географиялық орны
Аудан солтүстігінде Ресей Федерациясының Саратов облысы аумағымен, батысында Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек, оңтүстігінде Ақжайық, шығысында Казталов аудандарымен шектесіп жатыр. Ауданның орталығы Тасқала, облыс орталығы Орал қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан. Аудан Қазақстан мен Орталық Азияны Ресейдің еуропалық бөлігімен жалғайтын темір жол және Орал – Тасқала – РФ бойында орналасқан.
Remove ads
Жер бедері
Ауданның жалпы жер қыртысы тегіс. Ең биік төбесі Ешкітау (Ичка), теңіз деңгейінен биіктігі 259 метр. Бұл облыстағы ең биік нүкте. Ауданның гидрографиялық жүйесінде Деркөл, 1-Шежін, 2-Шежін шағын өзендері бар. Аудан арқылы Шежін, Мереке, Қазақстан, Қосшы ауылдық округтері аумағынан өтетін, Киров су қоймасынан өз бастауын алатын Жайықбай каналы өтеді.
Шежін ауылдық округінің аумағында Бірқазан мемлекеттік қорығы бар. Онда табиғатта сирек кездесетін су құстары мен жыртқыш аңдар мекендейді.
Remove ads
Гидронимдер
Шажа – Батыс Қазақстан облысындағы өзен. Шажа – "таудың шынар басын мекендейтін, дауысы ащы құс" (ҚТТС, 10Т, 86). Бұл сөздің шаж еліктеуіш сөзінен жасалып тұрғанын байқау қиын емес (шаж+а). Шажа гидрониміне қарап, шажа құсы тек тау басын емес, өзен бойында да мекендеуі мүмкін екенін көреміз. Атау сол құстың бар екенін білдіріп тұр.[4]
Білім саласы
Тасқала ауданының жалпы орта білім беру жүйесі өте жоғары деңгейде. Тасқала ауданының оқушылары әртүрлі деңгейдегі білім сайыстарына қатысып жоғары орындарды иеленіп келеді. Аудан ҰБТ нәтижелері бойынша алдыңғы қатарларда тұрақты орналасып келеді. Аудан білімінің деңгейін көтеруде 2005 жылы негізі қаланған "Сәулет" мектеп-лицейінің үлесі зор. Сәулет лицейі облыс орталығының алпауыттарынан қалыспай айтарлықтай бәсеке көрсетеді, лицейдің әсіресе жаратылыстану пәндері бойынша жетістіктері зор.
Remove ads
Пайдалы қазбалары
Құрылыс материалдары жасақталған - ақ балшық, құм және гравиі бар, ауданда 5 пайдалы кен орындары және күйдірілген, отқа тұрақты селикат тасын дайындауға арналған цемент қоспасына бай тас шығару шикі заты бар 3 кен орны ашылған.
Зерттеу барысында анықталған өндіріс әйнегіне жарамды кварц құмы, тау тектес өндіріске пайдалы шебін қорлары анықталған. Сонымен қатар аудан аумағында көгілдір газбен мұнай қоры орналасқан жер анықталды.
Remove ads
Халқы
Халқының саны 2019 жылы 16 701 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 88,96%, орыстар – 8,68%, басқалары — 2,35%.
Әкімшілік бөлінісі
28 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:
Remove ads
Ірі елді мекендері
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads