Ілияс пайғамбар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ілияс — б.з.д. 900 жыл бұрын исраил халқына келген пайғамбар. Ол Мұса пайғамбардың шариғатын ұстанған. Құранда аты аталған, тақуа діндар, пайғамбар. Ол өз халқына Құдайдың бірлігін уағыздап, Бағыл делінген пұтқа табынудан бас тартып, бір Аллаға сенуге шақырған. Оның уағызына сенбеген тайпаластары өкінішке ұрынып, Ілияс (ғ.с.) кейінгі ұрпақтар алдында даңққа бөленді. Құранның қысқа мадақтаулар бөлімінде Ілияс (ғ.с.) жөнінде, “біз ұрпақтарға оған құрмет көрсетуді қалдырдық” делінген. Оның есімі (ивритше אלי «Элийяху») - «Менің Құдайым» деген мағынаны білдіреді. Көне еврей тілінде Ілияс пайғамбардың есімін жазуда екі нұсқа қолданылған: אֵלִיָּהוּ («Элийяhу»)[1][2] және אֵלִיָּה («Элийя») [3]. Элийяху (көне еврей т. אֵלִיָּהוּ) – есіміндегі «х» (ה, «хей») әрпі тамақты кішкене хырылдатып айтылады. Құранда оның есімі арапша إلياس («Илияс») делінген. Ал, көне грек, славян тілдерінде «Илия» деген есім қалыптасқан. Таяу Шығыс халықтарының әпсанасында Ілиястың көкке әкетілуі жөнінде аңыз-әңгімелер бар. Осындай тектес аңыз-әңгімелер оны халық нанымындағы танымал тұлғаға айналдырды. [4][5]
Ислам
мақалалар тізбегінің бөлігі |
Елшілер мен пайғамбарлар |
Адам ﵇ • Ыдырыс ﵇ |