Сүлеймен пайғамбар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сүлеймен (кейде "Сүлеймен пайғамбар", кейде Соломон, ағылш. Solomon, /ˈsɒləmən/; ивр. שְׁלֹמֹה, Shlomo, араб.: سليمان Sulaymān; гр. Σολομών Solomōn) – Тәурат пен Інжіл бойынша, Израиль Біріккен Патшалығының патшасы болған, ол Дәуіт патшаның ұлы.[3] Зерттеулер бойынша оның патшалығы шамамен бзд. 970-931 жж. аралығында өмір сүрген. Ол өлген соң патшалығы тез ыдырап, солтүстік Израиль патшалығы мен Оңтүстік Иудей патшалығына бөлініп кетеді. Оның ұрпақтары Иудейді жалғасты билейді делінеді.[4]
Сүлеймен שְׁלֹמֹה | |
---|---|
Сүлеймен патша, Изариль патшасы (1500) Педро Берругете | |
Тақта отыру жылдары | 970–931 бзд. |
Ізашары | Дәуіт |
Ізбасары | Ровоам |
Жұбайы | Наамаһ (Сүлейменнің әйелі) Перғауынның қызы 700 ханша әйелі, 300 күңі болған[1][2] |
Issue | |
3 баласы болған:
Rehoboam
Taphath Basemath | |
Әкесі | Дәуіт |
Анасы | Батшева |
Туған күні | 990 бзд. Иерусалим, Израиль патшалығы |
Қайтыс болған күні | 931 бзд. (58–59 жас) Иерусалим |
Жерлеу рәсімі | Иерусалим |
Ислам
мақалалар тізбегінің бөлігі |
Елшілер мен пайғамбарлар |
Адам ﵇ • Ыдырыс ﵇ |
Талмуд бойынша, Сүлеймен 48 еврей пайғамбарының бірі.[5] Құран бойынша, ол маңызды пайғамбар болып, Сүлеймен ибн Дәуіт (Дәуіттің ұлы сүлеймен) деп атаған.
Тәурат бойынша, ол Иерусалимдегі алғашқы діни орныды салған екен.[3] Ол өте бай патша болған, сондықтан ол еврей Құдайы Иахуеге арнап ғибадатхана орнатады.[6] Оны еврейлер және өте ақылды болған деп те сипаттайды.
ОЛ туралы көптеген аңыздар бар. Інжілде оны Исаның ұстазы болуға лайық десе,[7][8] басқа жазбаларда оның сиқыршы және жын шақыратын бақсы болғаны туралы деректер бар. Антикалық дәуірде Сүлейменнің атындағы дұғалар мен тұмаршалар болған екен.[9]