Жақия (пайғамбар)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жақия, Иоанн, Жохан (евр. Йехонон, ежелгі грек: Ἰωάννης ὁ βαπτίζων) — Құран Кәрім кейіпкері, Пайғамбар, Зәкәрия пайғамбардың ұлы. Құран Кәрімде Иса, Ілияс сияқты пайғамбарлармен бір дәрежеде аталады. Інжілде орыс. Иоанн Креститель деп келеді. Жақия бала кезінен ақылды болған, адамгершілігі зор, құдайшыл, сабырлы, ата-анасына қайырымды еді. Ол «Аллаһ Тағаланың сөздері» деген шындықты, яғни Иса мен оның тапсырмасын растаушы. Жақияның өмір жолы туралы аңыз-әңгімелер бар. Исаның емшілігін алғаш рет мойындаған, оның уағызына сеніп, көмек көрсеткен. Мұсылман аңызында, әсіресе, Жақияның қайнаған қайы туралы ерекше айтылады. Оның басы қайы салынған табақта және бейітінің басында қайнап тұрған. Жақияның басы Шамдағы Омейя мешітінде жерленген, мұсылмандар ол жерді қасиет тұтады. Құран әңгімесі, негізінен, Лукадағы Інжілге ұқсас келеді, біріншісінде тіпті одан «үзінді» келтірілген:
«...Оның аты Жақия. Біз бұрын оған бір есімді бермеген едік».
Ислам
мақалалар тізбегінің бөлігі |
Елшілер мен пайғамбарлар |
Адам ﵇ • Ыдырыс ﵇ |
Құранның қалыптасу кезеңдерінде, яғни Мекке мен Медине дәуірлерінде келтірілген Жакия туралы әңгіме оның дүниеге келуіне арналған және Аллаһ Тағаланың өзінің сенімді құлдарына қартайған шағында да бала сыйлай алатын қабілетін, оның құдіреттілігін дәлелдей түседі.[1]
Ислам халықтары арасында Жақияның өмір жолы туралы көптеген аңыз-әңгімелер сақталған. Оларда Жақияның бала кезінен ақылды, адамшылығы зор, құдайшыл, тақуа, сабырлы, ата-анасына қайырымды болғаны, әкесі Зәкәрияға әбден қартайған шағында Алла тағаланың берген баласы екені және “Жақияның қайнаған қаны” туралы аңыз ерекше айтылады. Жақияның басы Дамаск қаласындағы Омейя мешітінде жерленген, мұсылмандар ол жерді қасиетті орын ретінде қастерлейді. Ал Інжілде Жақия Иса пайғамбардың дүниеге келетінін халыққа хабарлаушы, оның ілімінің ең алғашқы уағыздаушысы болып бейнеленеді. Құран Кәрімде Жақия Ирод патшаның қызына үйленуден бас тартқаны үшін өлім жазасына кесілгені баяндалса, Інжілде оқиға Ирод патшаның туған күніне байланысты болған той үстінде өтеді. Тойда патша әйелінің бұрынғы күйеуінен (патшаның ағасы Филипптен) туған қыз Соломия жақсы биімен көзге түседі. Шарап буына қызара бөрткен патша оған қандай тілегіңді де орындаймын деп уәде береді. Қыз Жақияның басын сұрайды. Патша сол жерде Жақияның басын кесіп алып, табаққа салып, Соломияға тарту етеді. “Жақияның басы табақта да қайнап жатты” деген аңыз осыған байланысты пайда болған.