Нигер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Нигер (фр. Niger [niˈʒɛʁ] тыңдау), ресми — Нигер Республикасы (фр. République du Niger) — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы – 1267 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Жергілікті тұрғындары хаусалар 4,2 млн., джерма 2,3 млн., фульбелер 1,3 млн-ға жуық, туарегтер 900 мың, канурилер 800 мың. Олардан басқа тубулер, сонгаилар, гурмалар қоныстанған. Елде 50 мың сириялықтар, ливандықтар, француздар бар. Астанасы – Ниамей қаласы Әкімшілік жағынан 7 департаментке, 33 округке бөлінеді. Ресми тілі – француз тілі. Халқының 80%-ы мұсылман-сүнниттер, 1%-ы христиандар, қалғандары жергілікті наным-сенімдерді ұстанады. 1989 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – ұлттық жиылыс. Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Ақша бірлігі – Африка қаржы қауымдастығының франкі. Ұлттық мейрамы 18 желтоқсан – Республика күні (1958), БҰҰ-ның, Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ) мүшесі.
Нигер Республикасы фр. République du Niger | |||||
| |||||
Ұран: «Fraternité, travail, progrès» | |||||
Әнұран: «La Nigérienne» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 3 тамыз 1960 жыл (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | француз тілі | ||||
Елорда | Ниамей | ||||
Ірі қалалары | Ниамей, Зиндер, Маради | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Мохамед Базум Ахмуду Махамаду | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 21-ші орын 1 267 000 км² 0,02 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2012) • Тығыздығы |
20 672 987 адам (61-ші) 17 138 707 адам 12,1 адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
23,475 млрд.[1] $ (140-шы) 1,213[2] $ (183-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
9,869 млрд.[3] $ (136-шы) 510[4] $ (179-шы) | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0,354[5] (төмен) (189-шы) | ||||
Валютасы | КФА франкы | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .ne | ||||
ISO коды | NE | ||||
ХОК коды | NIG | ||||
Телефон коды | +227 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+1 және Africa/Niamey |