Тунис
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тунис (араб.: تونس), ресми атауы — Тунис Республикасы (араб.: الجمهورية التونسية, әл-Джумхуриййа ат-Тунисиййа) — солтүстік Африкадағы, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Аумағы 163,6 мың км². Халқы 9,3 млн. (2003). Астанасы – Тунис қаласы. Әкімшілік-аумақтық жағынан 20 уәлаятқа бөлінеді. Халқының 98%-ын арабтар мен берберлер, қалған бөлігін еуропалықтар (негізінен француздар мен италиялықтар) құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Дінге сенушілердің 98%-ы – суннит бағытындағы мұсылмандар. Мемлекеттік басқару формасы – республика. Мемлекет басшысы – президент, ол бір мезгілде Мемлекеттік Кеңестің басшысы болып табылады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент – Депутаттар палатасы. Ақша бірлігі – тунис динары. Ұлттық мейрамы – ұлт күні – 20 наурыз (1956). Біріккен Ұлттар Ұйымының (1956), Африка Бірлігі Ұйымының (АБҰ) (1957) мүшесі.
Тунис Республикасы араб.: الجمهورية التونسية | |||||
| |||||
Әнұран: «Humat al-Hima» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 20 наурыз 1956 жыл (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | араб тілі | ||||
Елорда | Тунис | ||||
Ірі қалалары | Тунис, Сус, Сфакс | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Ұлттық халықтар ассамблеясы төрағасы |
Беджи Каид Эс-Себси Юсеф Шахед Мохаммед Эн-Насер | ||||
Мемлекеттік діні | Ислам Әһл әс-Сунна бағыты | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 91-ші орын 163 610 км² 5,0 | ||||
Жұрты • Сарап (2017) • Тығыздығы |
11 434 994[1] адам (79-шы) 63 адам/км² (133-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
144,222 млрд.[2] $ 12,369[2] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
41,662 млрд.[2] $ 3,573[2] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,735[3] (жоғары) (95-ші) | ||||
Валютасы | Тунис динары | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .tn | ||||
ISO коды | TN | ||||
ХОК коды | TUN | ||||
Телефон коды | +216 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+1, Central European Time, UTC+2 және Africa/Tunis |