Қазақтар
Түркі халықтарының бірі, Қазақстанның байырғы халқы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.
Қазақтар | ||||||||
| ||||||||
Бүкіл халықтың саны | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
16 741 000 | ||||||||
Ең көп таралған аймақтар | ||||||||
Қазақстан |
13 965 957 (2023)[1] | |||||||
Қытай |
1 400 000 — 1 500 000[2] | |||||||
Өзбекстан |
1 500 000 (2018)[3] | |||||||
Ресей |
1 500 000 (2023)[4] | |||||||
Моңғолия |
117 800 (2015)[5] | |||||||
Түрікменстан |
40 000 [6] | |||||||
Қырғызстан |
37 000[7] | |||||||
Иран |
9 000[8] | |||||||
Украина |
5 526[9] | |||||||
Беларусь |
1 068 (2019 ж.)[10] | |||||||
Тәжікстан |
900[11] | |||||||
Тілдері | ||||||||
Діні | ||||||||
Ислам діні (негізінен Сунниттік Ислам) | ||||||||
Этникалық топтары | ||||||||
Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ аутономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. 2023-ші жылдың басында елдегі қазақтар саны — 13,9 млн. адам болды.