Альпі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Альпі, Альпі тау жүйесі (фр. Alpes, нем. Alpen, итал. Alpi, словен. Alpe) — Батыс Еуропадағы ең биік таулар. Ол – Жерорта теңізінің солтүстігінде Легури теңізі жағалауынан Орта Дунай жазығына дейін оңтүстік-шығысқа қарай доғаша иіліп жатыр; доғасының сыртымен есептегенде ұзындығы 1200 км-ге жуық, іш жағы 750 км, ені 50 – 60 км-ден 240 – 260 км-ге жетеді. Ең биік нүктесі – Монблан шыңы (4810 м). Альпі (кельтше – alp биік тау, ежелгі түркі тілінде – алып-заңғар, биік дегенді білдіреді) ірі жоталар мен тау сілемдерінен тұрады.
Quick Facts Сипаттамасы, Пайда болған кезеңі ...
Альпі | |
фр. Alpes, нем. Alpen, итал. Alpi, словен. Alpe | |
Альпі (ғарыштан түсірілген сурет) | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Пайда болған кезеңі | |
Аумағы |
190 000 км² |
Ұзындығы |
1 200 км |
Ені |
260 км |
Ең биік шыңы | |
Биіктігі | |
Орналасуы | |
46°30′20″ с. е. 09°19′49″ ш. б.46.50556° с. е. 9.33028° ш. б. / 46.50556; 9.33028 (G) (O) (Я) (T) | |
Елдер |
Франция |
Ортаққордағы санаты |
Close