From Wikipedia, the free encyclopedia
Атланта метрополитені (ағылш. Metropolitan Atlanta Rapid Transit Authority MARTA) — Атланта қаласында орналасқан қалалық және қала маңы қоғамдық көлік жүйесі. 1971 жылы автобус жүйесі болып құрылды. Атланта метросы 76,6 километр теміржолдан, төрт метрополитен желісінен, бір трамвай желісінен, жүз автобус желісінен және 38 метро бекетінен, 12 трамвай бекетінен, 132 автобус бекетінен тұрады. Атланта метросы АҚШ-тағы жылдам тасымалдау жүйесі және жолаушылар саны бойынша сегізінші орындағы жылдам транзиттік жүйе. 2014 жылғы мәлімет бойынша күніне шамамен 432,900 адам Атланта қоғамдық көлік жүйесін қолданған.[1]
MARTA Джорджияның заң шығарушы жиналысының жарлығымен 1965 жылы құрылды. Басында бұл жүйе Атлантаны көршілес бес округпен байланыстырады деп жорамалданған. 1968 жылы бұл округтарда референдум өтіп, Кобб округі бұл жүйенің құрылысына қарсы шығады. Сондай-ақ бұл жоба округтардың бюджетінен берілетін қаржылық қолдауынсыз қалды. 1971 жылы Фултон және ДеКалб округтары бұл қоғамдық көлік жүйесін қаржыландыру мүмкін болуы үшін, өздерінің салық жүйесін реформалауға келісті. Клейтон және Гуиннетт округтары бұны жасаудан бас тартты, сондықтан MARTA Атлантаны тек қана Фултон және ДеКалб округтарымен байланыстырды. 17 ақпан 1972 жылы MARTA Atlanta Transit Company автобус компаниясын сатып алды және автобустық жүйелер ене бастады. 1975 жылы метрополитеннің құрылысы басталды, алғашқы кезегі 30 маусым 1979 жылы ашылды. Осы кезде метрополитен жеті бекеттен тұратын. Осыдан кейін метрополитеннің жүйесі кеңейе бастады.
2018 жылдың басындағы мәлімет бойынша қалада 4 желі, 38 бекет (10 жерасты) және 77 километр теміржол жұмыс істеп тұр.
Метро желілері Атлантаны Халықаралық әуежайымен және қала маңымен байланыстырады. 2009 жылдан бастап метро желілерін ресми түрде түспен атайтын болды, оған дейін желілерді қозғалыс бағытымен атаған. Мысалы Қызыл желіні «Солтүстік-Оңтүстік», Алтын желіні «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік», Көк желіні «Шығыс-Батыс», Жасыл желіні «Проктор-Крик» деп атаған.[2] Барлық желілер Файв-Пойнтс бекетінде қиылысады. Қалада 2014 жылдың желтоқсан айында ашылған заманауи трамвай желісіне «Peachtree Center» бекетінен отыруға болады.
Қозғалыс кезінде пойыздар түйіспелі рельс түрін қолданады және екіден алтыға дейін вагондарды қамти алады. Вагондардың үш түрі қолданылады:
CQ310 және CQ311 класындағы вагондарды модификациялау үшін Alstom-мен келісімшартқа қол қойылды.
Жұмыс күндері 4:45-тен 1:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 6:00-дан 1:00-ге дейін.
Қозғалыстың аралығы: қарбалас уақытта 10 минут, күндізгі уақытта 12 минут, кешке 20 минут. Демалыс күндері аралық уақыттары бірдей болады: 20 минут. Көп бекеттер бірден екі желінің пойыздарының қолданысында болғандықтан, көп аумақтарда аралық уақыты еке есе аз.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Metropolitan Atlanta Rapid Transit Authority |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.