Ауғандықтар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ауғандықтар, Ауғанстандықтар немесе Ауғандар (парсы: افغانها) — Ауғанстан халқы. Ең ірі этникалық топтарының ішінде пуштундар, тәжіктер, хазарлар, өзбектер, нұрыстандықтар, чараймактар, түрікмендер, белудждер мен т.б. бар. Саны 20,5 млн. адамға тең, оның ішінде 5 миллионы Кеңес–Ауған соғысы, одан кейін орын алған ішкі жанжалдар салдарынан Пәкістан, Иран, сонымен қатар АҚШ, Канада және т.б. елдерде тұрып жатқан босқындар (1996).[2]
Ауғандықтар | |
Дәстүрлі киім киген ауған қариялар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
39,8 миллион[1] | |
Тілдері | |
Ресми тілдері: |
Халықтың 89,7%-ы сунниттік исламды ұстанады және ханафилік исламға жатады, ал 10-15%-ы шииттік исламды ұстанады. Қалған 0,3% сикхизм және индуизм сияқты басқа діндерді ұстанады.[3] Парсы (дари) және пушту тілдері елдің ресми тілдері болып табылады.[4] Дари тілі басым көпшілігі үшін ұлтаралық лингва франка ретінде қолданылады. Көптілділік бүкіл елде, әсіресе ірі қалаларда кең таралған.