Бұғылар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бұғылар, бітеумүйізділер (лат. Cervidae) — жұптұяқтылар отрядына жататын жануарлар тұқымдасы. Олар өздерінің тармақталған сүйекті, қуыс мүйіздерімен ерекшеленеді. Олардың мүйіздері жыл сайын түсіп, қайтадан өсіп отырады. Бұғылар бөкендермен бірге бұғылар тұқымдасына жатады. Бұғы мен бөкеннің сырт пішіндері бір-біріне ұқсас келеді. Алайда бұғылардан бөкеннің айырмашылығы – олардың мүйіздері мәңгілік болып табылатындығында.
Бұғылар Қазбалық ауқымы: Early Oligocene–Recent | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Дивергенция нәтижесінде пайда болған бұғылардың көптүрлілігі: 1-теңбіл бұғы; 2-бұғы (марал); 3-кербұғы; 4-солтүстік бұғысы; 5-бұлан; 6-елік; 7-құдыр
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Топтары | ||||||||||||||||
Capreolinae |
Бұғының отыз түрі бес тұқымдас тармағына бөлінеді: құдырлар; мунтжактар; су бұғылары; нағыз бұғылар; Америка бұғылары. Бұғы Азия, Еуропа, Америка және Солтүстік Африкада тараған.
Қазақстанда бұғы екі тұқымдас тармағына жататын төрт түрі (құдыр, елік, марал, бұлан) Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының орманды алқаптарын мекендейді.