Дактилоскопия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дактилоскопия (грек. daktylos – саусақ және skopeу – қараймын, көремін, бақылаймын) — тұлғаны криминалистикалық сәйкестендіру, қылмыстық тіркеу және қылмыскерлерді іздестіру мақсатында саусақтарының ұшындағы тері өрнектерінін құрылысын зерттейтін криминалистиканың бөлімі.[1] 1877 жылы адам терісінің алақан беттеріндегі папиллярлық өрнектің өзгермейтіндігі туралы гипотезаны ұсынған ағылшын Уилья Гершельдің[2][3][4] идеяларына негізделген. Бұл гипотеза автордың Үндістанда полиция қызметкері ретінде қызмет ету барысында жүргізген ұзақ зерттеулерінің нәтижесі болып табылады.
1902 жылы 18 сәуірде Ұлыбританияда қылмыскерді анықтау үшін дактилоскопия алғаш рет қолданылды. Әлемнің әртүрлі елдері келесі бір жарым-екі онжылдықта дактилоскопиялық әдістерді енгізді. Әр саусақ іздерінде екі түрлі локальді және глобальді белгі болады.