Еркін Қыдыр Сағындықұлы 01.08.1962 жылы, Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысында туған — журналист.

  • 1979 жылы Шәуілдір орта мектебін бітірген.
  • 1984 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
  • 2007 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін экономика және басқару мамандығы бойынша бітірген.
  • 1984 жылы Шымкент қорғасын зауытында слесарь болып бастады.
  • 1985-1990 жылдары Шымкент облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде еңбек етті.
  • 1990-1996 жылдары республикалық «[[Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»)]]" газетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі болды.
  • 1966 жылдан "Егемен Қазақстан" газеті бас редакторының орынбасары,бірінші орынбасары болды.
  • 2007-2008 жылдары "[[Егемен Қазақстан]]" РГ» АҚ директоры, * 2008- 2016 жылға дейін акционерлік қоғам вице-президенті (басқарма төрағасының орынбасары) болды.
  • 2016 жылдың сәуір айында "Егемен Қазақстан" РГ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Еркін Қыдыр басшылық қызметте болған кезеңде газеттің тиражы үздіксіз өсуіне үлес қосты. Атап айтқанда, 2000 жылғы 34 мыңдық таралым 2016 жылы 210 мыңнан асып түсті. Ол сондай-ақ осы жылдарда редакция қызметкерлері үшін 2 тұрғын үй кешені, 2 жатақхана және 8 қабаттық кеңсе ғимаратының салынып, пайдалануға берілуіне тікелей атсалысты. Акционерлік қоғам әр жылды табыспен қорытындылап отырды.

  • 2017 жылғы наурыздан бастап республикалық "Астана ақшамы" газетінің бас редакторы болып қызмет атқарады.

Еркін Қыдыр ақпарат саласында атқарған жемісті қызметі нәтижесінде 1999 жылы "Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты" атанса, 2010 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағына қол жеткізді. Ол сонымен қатар, "Ақпарат саласының үздігі", "Мәдениет саласының үздігі"» төсбелгілерінің иегері.

  • 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары тәртіптік кеңестің мүшесі болды.
  • 2016 жылдан «Нұр Отан» партиясы партиялық бақылау комитетінің,
  • 2015 жылдан Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның Этика жөніндегі комиссиясының мүшесі.

«Ұсақталма, Үкімет», «Отырар», «Кәусар кез» кітаптарының авторы (1999).[1]

Дереккөздер

  1. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.