Жершошақ
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жершошақ немесе Циноморий (лат. Cynomorіum) – жершошақтар тұқымдасына жататын бір жылдық паразитті, шөптесін өсімдіктер туысы.
Жершошақ | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
| ||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||
Cynomorium coccineum Карл Линней |
Негізінен Жершошақ туысында 1 биологиялық түр бар: Cynomorium coccineum. Оның 2 түршесі болады:
- Cynomorium coccineum var. coccineum[2] немесе «мальта саңырауқұлағы» - Канар аралдары мен Жерорта теңізі маңында өсетін түрі.
- Cynomorium coccineum var. songaricum[3] – Жоңғар жершошағы. Орта Азия, Моңғолия,Қытайда өсетін түрі. Қазақстанда далалық, шөлді аймақтардың сортаңды жерлерінде кездеседі.
Биіктігі 9 – 80 см, тамыр жабысқақтарымен сораңның тамырына жабысып өседі. Сабағы етті, жуан, сыртынан қарағанда саңырауқұлақтың жемістік денесіне ұқсайды. Жетілмеген қабыршақты жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Бір-бірден аталығы мен аналығы болады. Гүлдері қос жынысты, саны көп, ұсақ, олар шоқпар немесе цилиндр тәрізді масақ гүлшоғырына топталған. Мамыр – шілде айларында гүлдеп, шілде – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – бір тұқымды жаңғақша. Жершошақтың 2-түрі – «мальта саңырауқұлағын» Жерорта теңізі жағалауы мен Батыс Еуропада орта ғасырда сыртқы түріне (түсі қатып қалған қанға ұқсаған) қарап, қан тоқтату үшін көп пайдаланған.