Пластикалық хирургия, пластикалық операция — хирургияның бір саласы. Пластикалық хирургияда адам органдары мен тіндерінің туа немесе жүре пайда болатын кемістіктерін қалпына келтіру үшін хирург. операция жасалады. Пластикалық хирургияға адам организміндегі барлық кемістікті (жырық, т.б.) жою мақсатында жүргізілген операциялар жатады, сондай-ақ көмекей, өңеш, қарын, т.б. органдарды емдеуде де Пластикалық хирургия қолданылады. Пластикалық хирургия көне заманнан белгілі. Тибетте б.з.б. 3 мың, Үндістанда б.з.б. 1 мың жыл бұрын пішіні бұзылған мұрынды қалыпқа келтіруге жасалған операция (ринопластика) туралы дерек табылған.

More information Хирургия салалары ...
Thumb
Хирургия салалары
 · Пластикалық хирургия  ·
 ·Күйік хирургиясы ·
 · Нейрохирургия ·
 ·Оториноларингология ·
 ·Офтальмология ·
 ·Лазерлі хирургия ·
 ·Ірінді хирургия ·
 · Кардиохирургия ·
 · Абдоминалдық хирургия  ·
 · Микрохирургия  ·
Әскери-далалық хирургия ·
 · Торакалды хирургия ·
 · Урология ·
 · Андрология)  ·
 ·Ортопедия ·
 · Эндокриндік хирургия ·
 ·Комбустиология ·
 ·Неврология ·
 ·Ангиология ·
 ·Бас сүйегі хирургиясы ·
 ·Бариатрия

Close

Қазіргі кезде Пластикалық хирургия күнделікті тәжірибеде кеңінен қолданылады. Мысалы, адам денесіндегі күйіктен кейін теріні алмастыру, беттегі әжімді немесе денеде пайда болған ісікті алу пластикалық операциялар арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ бүлінген қан тамырларының немесе жүрек клапандарының орнына синтездік тіннен протез (аллопластика) қойылады.

Пластикалық хирургияның бірнеше түрі бар. Аутопластика түрінде кемістікті түзетуге не жамауға қажетті тінді науқастың өз денесінен (тін, тері, ішек, т.б.), гомопластикада — операцияға қажетті тінді басқа адамның (кейде өліктің) организмінен алады, гетеропластикада — арнайы пластикалық материалдар үшін жануарлар тіні пайдаланылады.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.