Сарыандыз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сарыандыз (лат. Ligularia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда ылғалы мол шалғындарда, батпақты жерлерде, өзендер мен жылғалардың жағалауында, альпі және субальпілік тау белдеулерінің тасты беткейлерінде, егістіктерде арамшөп ретінде өсетін 16 түрі бар. Олардың арасында биікт. 10 см-ден 1,5 м-ге дейін жететін түрлері де кездеседі. Жапырақтары жүрек, бүйрек, ұзынша жұмыртқа тәрізді немесе жиегі ойықша тілімденген (сирек бүтін жиекті) болады. Бес тісті күлтесінің кеңіген бөлігі қоңырау тәрізді не түтікті-қоңыраулы, тозаңқаптарының түп жағы үшкірленіп келеді. Сары түсті гүлдері қос жынысты, себет гүлшоғырына топталған. Себеттері гетерогамды, гүлтабаны тегіс, сырты жалаңаш келеді. Мамыр — тамыз айларында гүлдеп, маусым — қыркүйекте жеміс салады. Тұқымшалары ұзынша немесе цилиндр тәрізді, оның ақ кейде күрең түсті ұзын айдаршасы болады. Сарыандыздың 3 түрі: Карелин Сарыандызы (L. Karelіnіana), Шишкин Сарыандызы (L. Schіschkіnі) және Павлов Сарыандызы (L. Pavlovіі) — эндемиктер. Соңғысы өте сирек кездесетін (Қаратауда ғана) өсімдік ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[1]
Сарыандыз | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ligularia sibirica
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
150 түрі белгілі |