![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/de/Nile_River_and_delta_from_orbit.jpg/640px-Nile_River_and_delta_from_orbit.jpg&w=640&q=50)
Синай түбегі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Синай түбегі — Батыс Азиядағы Қызыл теңіздің Суэц және Акаба шығанақтары аралығында; Мысыр жерінде. Аумағы 25 мың км². Оңтүстігін гранит, гнейс, кристалды тақтатастан тұратын тау (Катерин тауы, биіктігі 2637 м), солтүстігін 500 — 1000 м-ге төмендеген, күшті тілімделген Эгма үстірті алып жатыр. Суэц шығанағын бойлай жіңішке құмды ойпат орналасқан. Мұнайдың (Судр, Әбу-Рудайс, Әт-Тур), марганец кентасының (Умм-Бугма) кен орындары бар. Климаты субтропиктік, тропиктік; ыстық, қуаң. Жылдық жауын-шашын мөлшері 50 мм. Тұрақты өзені жоқ. Өсімдік жамылғысы сирек (эфемерлік). Көшпелі мал шаруашылығы (қой, ешкі, түйе) дамыған. Шұраттарда құрма пальмасы, арпа, жүгері өсіріледі. Сәулет өнері мен мәдени ескерткіштерден — қасиетті Екатерина монастыры (IV ғ.), Византия өнерінің құнды толық жинағы, орта ғасырлық қолжазбалар, ежелгі христиан икондары (VI ғ.) сақталған.
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Синай түбегі араб.: سيناء | |
![]() | |
Ніл сағасы мен Синай түбегі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 25 000 — 60 000 км² |
Ең биік нүктесі | 2637 м |
Орналасуы | |
29°30′ с. е. 33°50′ ш. б.29.500° с. е. 33.833° ш. б. / 29.500; 33.833 (G) (O) (Я) (T) | |
Акватория | Қызыл теңіз |
Ел | ![]() |
![]() |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |