![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/2c/Mer_rouge1b.jpg/640px-Mer_rouge1b.jpg&w=640&q=50)
Қызыл теңіз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызыл теңіз (көне грекше: Ἐρυθρὰ Θάλασσα, Эритра Таласса; араб.: البحر الأحمر, Bahr el-Ahmar; ивр. ים סוף,Yam Suf; ағылш. Red Sea; тигринья ቀይሕ ባሕሪ, Кэй-Бахри; сомал. Badda Cas) — Үнді мұхитының ішкі теңізі, Араб түбегі мен Африканың арасында тектоникалық алапта орналасқан. Суэц каналы арқылы солтүстік жағындағы Жерорта теңізімен, Баб-әл-Мандеб бұғазынан Аден шығанағына және Араб теңізіне ұласады.
Географиясы
- Азия : Мысыр (Синай түбегі), Израиль, Иордания, Сауд Арабиясы, Йемен
- Африка : Мысыр (негізгі аумағы), Судан, Эритрея, Джибути.
Гидрографикасы
Quick Facts Сипаттамасы, Орналасуы ...
Қызыл теңіз | |
![]() | |
Ғарыштан көрінісі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 438 000 км² |
Көлемі | 233 000 км³ |
Тереңдігі | 2211 м |
Орташа тереңдігі | 490 м |
Орналасуы | |
21°08′45″ с. е. 38°06′02″ ш. б.21.1458° с. е. 38.1006° ш. б. / 21.1458; 38.1006 (G) (O) (Я) | |
![]() |
Close
Ұзындығы 1932 км, енді жері 355 км, ауданы 438 000 км2, су көлемі 251 мың км3, ең терең жері 2211 м, жағасы онша тілімделмеген. Ірі аралдары: Дахлак, Фарасан, Суакин. Қызыл теңіз — дүние жүзіндегі ең жылы (32оС) және ең тұзды (41,5%) су айдындарының бірі. Суы негізінен көкшіл-жасыл түсті.