Сопылық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сопылық немесе тасаууф(араб.: تصوّف, taṣawwuf) — зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту және рухтың дәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы — сопылықты ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша халінде және жиындарда ұстанатын әдептері[1]. Сопылық — дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден бет бұруға, нәпсіні тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман келтіру арқылы қосылу (араб.: فناء — нирвана) дәрежесіне жетуге ұмтылысқа негізделген өмір салты[2]. Сопылықты ұстанушыны сопы (араб.: صوفي, суфий) деп атайды. Сопылар өздерін Мұхаммед пайғамбар ﷺ Жәбірейіл хадисінде айтқан[3] ихсанды жүзеге асырушылар санайды.
Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған[4]. Дарқауи тариқатының (ағыл.)қазақ. сопылық ұстазы Ахмад ибн Аджиба (ағыл.)қазақ. сопылық «сол арқылы Құдайдың ішкі болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды, жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым» деген[5].
Классикалық сопылар зікірге құлшыныспен және аскетизммен ерекшеленетін болған. Сопылықтың ізбасарлары ерте Умәйя халифатының кезіндегі дүниеге деген құлшынысқа реакция ретінде пайда болған[6]. Сопылық мыңжылдықтар бойы көптеген мәдениеттердің әсерін басынан өткізіп, бастапқыда араб тілімен, содан кейін парсы, түрік және басқа да ондаған тілдерде ойларын білдіреді. Сунниттік немесе шииттік боп келетін[7] сопылық тариқаттарының түп негізі Мұхаммед пайғамбардың ﷺ күйеу баласы Әли ибн Әбу Талибке дейін жетеді деп саналады. Тек Нақшбандийа тариқаты ғана өз негізін Әбу Бәкірден бастайды[8]