Сүндеттеу
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сүндеттеу, Сүндет (араб.: ختان — сұннат) — медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. Circumcisio — дөңгелете кесу) деп аталады.
Сүндет – ислам дінінде ер баланың жыныс мүшесіндегі тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Сүндет әуел баста араб халқының әдет-ғұрпы болатын. Сүндет мәселесі Құранда баяндалмағанымен, көне араб поэзиясы мен хадистерде айтылған. Сүндет Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықтарында ерекше маңызға ие болды. Меккеде ер балалар 3 – 7 жастарында сүндетке отырғызылды. Бұл ғұрып“таһар” деп аталады. Сүндетке отырғызылатын баланың құрметіне арналып той-думан жасалып, балаға ең әсем киімдер кигізіп, атпен серуендетеді. Мысырда ұл баланы 5-6 жасында сүндеттейді. Сүндетке отырғызатын адамды ерекше құрметтейді. Қазақ халқында сүндеттеуді қожа-молдалар атқарып келсе, қазір көбіне медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Бала сүндетке отырғызылған соң көрші-қолаңға қонақасы беріліп, құран оқытылады.