Томаш Скухравы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Томаш Скухравы (чех. Tomáš Skuhravý; 7 қыркүйек 1965 жыл[1], Чески-Брод, Чехословакия) — чехословакиялық және чехиялық футболшы, шабуылшы. 1990 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.
Томаш Скухравы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Туған күні |
7 қыркүйек 1965 (1965-09-07) (58 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Чески-Брод, Чехословакия | ||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | |||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
193 | ||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
90 | ||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция |
шабуылшы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||
Клуб |
карьерасын аяқтады | ||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||
Чехословакия құрамасы сапында тұңғыш рет 1985 жылы 4 қыркүйекте Польшаға қарсы жолдастық ойында алаңға шықты.
1990 жылғы әлем чемпионатында бес гол соғып, мергендер көшінде италиялық Сальваторе Скиллачиден кейін екінші орын алды. Осы әлем чемпионатының символикалық құрамына енді. 1/8 финалда Коста-Риканың қақпасына үш гол соқты, үшеуін де баспен соқты. 2002 жылға дейін баспен гол соғып хет-трик жасаған жалғыз футболшы боп тұрды, бұл ерлігін 2002 жылы неміс Мирослав Клозе қайталады.
Чехословакия сапындағы соңғы ойынын 1994 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде 1993 жылы 17 қарашада Бельгияға қарсы өткізді (бұл кезде Чехия мен Словакия бөлініп кеткен-ді). Чехия құрамасы сапында 1996 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуіне қатысты, бірақ финалдық турнирде ойнайтын құрамға ілінбеді.