Тәңіршілдік
From Wikipedia, the free encyclopedia
Тәңіршілдік — дәстүрлі түркі халқының дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілім[1], метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер және кейбір осы замандық халықтар мен тұлғалар ұстанады. Тәңіршілдік сенімі көне түркі халықтарының, Ғұндардың, Болғарлардың, моңғолдардың, маньчжур және мадяр халықтарының ұлттық мәдениеті мен болмысына терең ықпал еткен тарихи сенім болды, Көктүрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Дунай және Еділ Болғарлары, Моңғол империясы, Хазар қағандығы) қатарлылардың мемлекеттік діні болды. ІХ ғ түркілердің әйгілі туындысы «Ырық бітік» кітабында "Тәңірі - Түрік Тәңрісі" (Түріктердің Құдайы) ретінде аталған.[2] Көптеген ғалымдардың пікірінше, империялық деңгейде Тәңіршілдік әсіресе ХІІ – ХІІІ ғасырларда монотеизмдік сенім/дін ретінде ұстанылған; қазіргі тәңіршілдердің көбі оны монотеизмдік деп санайды.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк тас ескерткіштерінде "Тәңірідей Тәңріден жаралған" деп басталады, әрі "Төбеңнен Тәңірі баспаса, астыңнан қара жер айырылмаса, түркі халқы төріңе кім шыға алады, тәбәрігіңді кім жырта алады" деген сөздер бар.[3]
Аббас халифатының елшісі Ибн Фадлан Хғ басында оғыздарға жасаған саяхатында “түріктердің қиын-қыстау кезеңде 'Бір Тәңірі' деп, басын көкке қаратып мінажат ететінін" айтқан. Әртүрлі дін адамдарын пікірталасқа шақырған Мөңке хан: "…Біз тек Бір Тәңіріні медет етеміз" деген ұстанымын еуропалық миссионер-саяхатшылар Марко Поло, Джованни Плано Карпини, Вильгельм Рубрук жазып қалдырған. «Тәңір» ұғымы Шумер сына жазуларында, сондай-ақ ғұндар мәдениетінде “Зингир” (“зеңгір”) түрінде кездеседі.
Кеңес одағы ыдыраған 1990 жылдардан бастап Тәңіршілдік Орталық Азиядағы (Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдегі Татарстан, Башқұртстан) түркі тілді халықтардың интеллектуалды зиялыларының ұстанымы болған. Ол сондай-ақ Бурятияда, Сахада (Якутияда), Хакасияда, Тывада және басқа да Сібірдегі түркі халықтарында біртіндеп дами бастады. Алтайлық Бурханизм және Чуваштардың Ваттисен йăли қатарлылардың кей элементтері тенгризмге ұқсайды. Моңғолияны кейде оның тұрғындары "Мәңгілік көк Таңрінің елі" (Munkh Khukh Tengriin Oron) деп атайды.